{metadescription}
KFW-2023: Қара шілтер мен ғарыш тақырыбы
KFW-2023: Қара шілтер мен ғарыш тақырыбы

KFW-2023: Қара шілтер мен ғарыш тақырыбы

Актрисалар сән әлемінде! Биыл 33-ші рет өткізіліп отырған Kazakhstan Fashion Week сән апталығының жаңалығы көп. Алдағы қыс мезгілінде шілтер матадан тігілген және қара түсті көйлектер трендте. Ал жігіттерге ғарыш тақырыбына жақын костюмдер киюге кеңес береді. Сондай-ақ, отандық шоу-бизнесте жүрген қыз-келіншектер подиумға шығып дизайнерлерімізге қолдау білдірді.

Халықаралық сән апталығының жылдан-жылға ауқымы мен қоса аудиториясы әлдеқайда үлкейген. Дизайнерлер саны да артып, сән әлемінен көзің сүрінеді. Бұл жолы да өзімізден бөлек Қырғызстан, Франция, Ресейден келген 23 тігіншінің топтамасы ұсынылды. Ресейлік сәнгер Татьяна Васильеваның туындысы «Періште» деп аталғанымен, барлығы қара түсті. Арнайы осы кешке күйеуі екеуі жарты жыл дайындалған екен.

Татьяна Васильева, дизайнер (Ресей):

Біздің топтама «Дхарма» деп аталады. Мұны сөзбе-сөз аударуға келмейді. Бірақ мағынасы мәнді деп айта аламын. Яғни әр адамды өзінің шынайы ақиқат жолына апарады дегенді білдіреді. Мен көбінесе қара түсті қолдандым. Былғары, күдері және өзге маталар да болсын. Сол себепті әр адам өзі қалаған кез келген модельдегі киімді таңдай алады.

Әдеттегідей сән апталығында Аида Кауменова да бар. Тігіншінің бұл жолғы көрсетілімі өмірден озған әлемге әйгілі дизайнер Вивьен Вествудке арналыпты. Аты аңызға айналған тігінші сән әлемінде өзінің табандылығымен әрі батылдығымен танымал. Торлы маталармен жұмыс істегенді жақсы көрген оның әдісін сәнгер осы көрсетілімге қолданыпты. Сондай-ақ апталықтың бас продюсермен бірлесіп жасаған бас киімдері де ұсынылды.

Саят Досыбаев, Kazakhstan Fashion Week бас продюсері:

Kazakhstan Fashion Week сән апталығын алғаш ашудағы мақсатымыз өте үлкен болатын. Бүгінде соған жақындап қалдық десем, артық айтқаным емес. Қалауымыз қазақстандықтарға отандық киімдерді ұсыну әрі кигізу еді. 2004 жылы тігіншілеріміздің өзі саусақпен санарлықтай аз болған болса, қазір саны еселеп артқан. Тіпті жаңа есімдер қосылуда. Бұл біз үшін үлкен қуаныш. 

Отандық «Аруназ» брендінің негізін қалаушы Назым Қарпықова бұл жолы өз топтамасына ерлер киімін де қосқан. Сәнгер қазір 35 жастан асқан нәзік жандылар ғана емес, тіпті 20 жастағы аруларымыз да киімді қолдан тіктіріп киюге көшкенін айтады. Яғни сұраныс әркезде де бар. Дизайнерді қолдау мақсатында подиумға актриса Жұлдыз Әбдікәрімова шықты. Ал сән апталығының шымылдығын ашқан тігінші Адиля Ботабаеваның сәнқойлар құрамында Айжұлдыз Адайбекова жүр. Бұл оның дебюті.

Айжұлдыз Адайбекова, актриса:

Негізі әр дизайнердің өзіндік көзқарасы бар. Осы жолы YANG LAIN-ның көзқарасы Спайс яғни Галактика болды. Себебі галактика бұл әлемде әр адамды шабыттандырады, күш-қуат береді. Бұл адамға бір мотивация беретіндей тақырып деп ойлаймын. Сондықтан да әрбір адам осы топтамадан соң қорықпай, емін-еркін киінуді, жүруді, сөйлеуді, өзін көрсете білуді үйренеді.

Kazakhstan Fashion Week сән апталығы бұған дейін Ақтөбе қаласында өткізілді. Енді келесі аптадан бастап Шымкент, Өскемен, Ақтау, Атырау және Павлодар тұрғындарының таңдайын қақтыруға аттанатын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.