{metadescription}
Қызылша жұқтырған 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр
Қызылша жұқтырған 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр

Қызылша жұқтырған 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр

Елімізде қызылша жұқтырған отыз бала жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жартысы бір жасқа толмаған сәбилер. Қауіпті вирустың таралуы оңтүстік өңірлер мен батыс аймақтарда өршіп тұр. Соңғы бір айда қызылша жұқтырғандар саны екі есеге артқан. Балаларға жаппай екпе салмайынша, індетті тоқтату мүмкін емес дейді дәрігерлер. 

Қызылша індетін жұқтырғандар саны күн сайын көбейіп барады. Бұған үкіметтегілер де алаңдап отыр. Министрлер кабинетінің жиынында ең алдымен қозғалған мәселе осы болды. Еліміздің бас дәрігері Ажар Ғиният қарашада қызылша жұқтырғандар екі есеге көбейгенін айтты. Шымкент, Алматы мен Жамбыл облысында эпидахуал ушығып тұр. Қызылорда, Маңғыстау мен Атырау, Ақтөбе өңірлерінде де жағдай мәз емес. 

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Емдеуге жатқызылғандардың ішінде 30 бала жансақтау бөлімшелерінде ауыр жағдайда жатыр. Оның ішінде бір жасқа дейінгі 15 бала бар. Өлім-жітім тіркелген жоқ. Стациянарлық емдеуде 2375 бала бар. Ауруханада жатқандар алпыс пайызды құрайды. Резерв 1093 орынды құрап отыр.

Қызылша ең көп тіркелген Жамбыл облысында жұқпалы аурулар ауруханасы 77 пайызға толды. Қазір 325 төсек орынға шақталған мекемеде 235 адам емделіп жатыр. Ал орын жетіспеген жағдайда науқастар облыс орталығына жақын маңдағы үш ауданға жіберілмекші. Қызылша індетінің зардабы да ауыр дейді мамандар. Кейде араға 5-6 жыл салып ауру қайта қозуы да мүмкін. Одан қалды тыныс мүшелері мен өкпеге де әсер етеді.

Ерік Мұсабаев, Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Ауырып шыққан адамдарда өкпе ауруының салдары болуы мүмкін. Кейін өкпесі дұрыс жұмыс істемеуі, өкпенің созылмалы ауруына, не болмаса басқа да өкпе ауруына ұласуы мүмкін.

Вирустың таралуына антиваксерлер мен діндарлардың кесірі көптеп тиді дейді мамандар. Елу-алпыс жыл бойы бүтін ел егіліп жүрген вакцинадан осы күнге дейін зардап шеккен жан жоқ екен. Одан қалды індеттің биыл жаппай таралуына Ковидтің де де әсері болған. Короновирус деп, карантин жариялап жүргенде көптеген бала қызылшаға қарсы егілмей қалған.

Мұхтар Сербаев, Ақтөбе облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Бұл инфекция қазір 165 мемлекетте өршіп тұр. Ковидтен ейінгі салдары деуге болады. Ковидтің кезінде көп жағдайда балалар инфекция, жоспарлы вакцина ала алмай қалды. Содан иммуннитет қабаты төмендеп кетті.

Қызылшаға қатысты балабақша мен мектептерге мамандар карантин, не шектеу шарасын қоя алмайды екен. Одан келіп-кетер пайда жоқ деп отыр. Тек екпемен ғана індеттің таралуын тоқтата алады. Балаларға жаппай вакцина салдыратын болса, екі-үш аптадан соң науқас саны азаяды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде