{metadescription}
LRT-ны аяқтауға тағы 150 млрд теңге қажет
LRT-ны аяқтауға тағы 150 млрд теңге қажет

LRT-ны аяқтауға тағы 150 млрд теңге қажет

LRT-ны аяқтау үшін тағы 150 млрд теңге қажет. Нысанның құрылысы 2025 жылға қарай толық бітсін десек, бюджетке алақан жаюға мәжбүрміз деп отыр көлік министрі. Астанадағы жер үсті жолына биылдың өзінде 52 млрд теңге бөлініпті.

Үкімет отырысынан кейін тілшілер алдына шыққан жауапты министр Марат Қарабаевқа LRT-дан бөлек, жол сапасына да қатысты сұрақтар қарша борады. Шұрық-тесік республикалық маңызы бар жолдарды бірте-бірте жөндеу үшін көлік министрлігі жоспар дайындап қойыпты.

Миллион емес, жүздеген миллиардтардың басына су құйған елордадағы LRT құрылысын аяқтауға қала әкімдігі мен көлік министрлігі білек сыбана кіріскендай. Айтуларынша, бұған дейін қазынадан бөлінген қаражат тек іргетас қазығын қағуға және негізгі тіректерді орнатуға ғана жеткен. Теңгенің түбі құрама конструкциядарды жалғау кезінде-ақ көріне бастапты. Көлік министрі Марат Қарабаев тағы «150 млрд теңге қазынадан бөлінсе болды, 2025 жылға қарай астаналықтар жүйткіген ЛРТ-ның рахатын көреді» деп отыр.

Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:

Егер жұмыс көлемі ұлғайса, құрылыс командасы жүктелген міндетті орындаса, құрылыс-монтаж жұмысының қарқынын үдете алсақ, Үкіметтен онда тағы 150 млрд теңге сұраймыз. Жалпы 2025 жылы нысанның құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Министр орынтағына жайғасқалы, Марат Қарабаев 50 мың шақырым жолды көлікпен жүріп өтіпті. Ойдым-ойдым трассалардың бар екенін министр мойындаса да, «Қазақстан аумағының кеңдігін де ұмытпауымыз керек» деп ақталды. Оған біздің жолдар арқылы өзге елдің жүк көліктерінің дамылсыз қатынауын қосыңыз. Ал антикор ізіне түсіп майшаммен тексерген «Алматы-Қорғас» тас жолындағы цемент-бетон жабынының бұзылуын шенеунік өңірдегі аптап ыстықтың әсеріне ысырды.

Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:

Бетон жолдардың не үшін атылып жатқаны мына «Батыс Еуропа Батыс Қытай» салынғанда ,сол жақтағы оңтүсік өңірдегі күннің жылыған уақытында бетон атылып жатыр. Ол жақта салынған бұзылған тігістер әр мың метрден салынған. Енді оны әр 350 метрге азайту керек.

Қалай десек те жол азабын тартып жатқан жолаушылардың шағым хаттары толастамай отыр дейді премьер-министр. Әлихан Смайылов жергілікті жол сапасына, ең құрығында, дұрыс сараптама жасай алмай отырған әкімдіктердің жұмысын сынған алды.

 Әлихан Смайылов ҚР Премьер-министрі:

Сапасыз жол сапасына қатысты сын өте көп. Биылдың өзінде мемлекеттік органдарға автовобиль жолдарына қатысты 19 мыңнан астам арыз-шағын келіп түсті.

Алыс-жақын шет елдермен салыстырғанда еліміздегі ақылы жолдардың тарифін су тегінге балаған жауапты министрлік келер жылы қосымша 1 мың 200 шақырым жолға ақылы жүйе енгізбекші. Транзит ағынның өсуіне байланысты жол ақысы да қайта қаралады. Ал бұған дейін жолға қатысты бар кінәні жауапты мердігер мойнына алса, енді авторлық, техникалық қадағалауға жауапты болған компаниялар да жауапкершілікті тең бөліседі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде