{metadescription}
Ақтауда мас тәртіп сақшылары төбелесте жігітті пышақтап тастаған
Ақтауда мас тәртіп сақшылары төбелесте жігітті пышақтап тастаған

Ақтауда мас тәртіп сақшылары төбелесте жігітті пышақтап тастаған

Ақтауда түнгі клубта төбелескен екі шенді полицей қызметінен қуылды. Ішімдікке сылқия тойған тәртіп сақшылары төбелес шығарып, 27 жастағы азаматты пышақтап тастаған.

Оқиға 27 қараша күні түнгі сағат екі шамасында болған. Ақтау қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы Ерлан Отаров пен Мұнайлы аудандық ішкі істер басқармасы патрульдік полициясының командирі Нұржан Мағзамов түнгі клубта төбелес шығарған. Тәртіп сақшылары суық қару қолданып, 1996 жылғы жігітке пышақ сілтеген. Жараланған жәбірленушіге көмек көрсетудің орнына кезекші экипажды оқиға орнына шақыртып, өздері із суытыпты.

Ал таяқ жеген жігіт Маңғыстау облысы көпбейінді ауруханасына жеткізілген. Зардап шеккен азаматты травматолог, нейрохирург дәрігерлер қарап, алғашқы медициналық көмек көрсеткеткен соң үйіне жіберді.

Әйгерім Ибатуллаева, Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Бұл дерек ҚР ҚК 293-бабы бойынша тіркелді. Тәртіптік комиссияның шешімімен екі қызметкер ішкі істер органдарынан босатылды. Төбелесте үстел пышағы қолданылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын атап өткіміз келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде