{metadescription}
Карантин: Ақтөбе облысындағы Тоқмансайда мал қырылып жатыр
Карантин: Ақтөбе облысындағы Тоқмансайда мал қырылып жатыр

Карантин: Ақтөбе облысындағы Тоқмансайда мал қырылып жатыр

Ақтөбе облысында ірі қарадан қарасан індеті шығып, бір ауылда карантин жарияланды. Тоқмансай ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінде аша тұяқтылар қырылып жатыр. 

Алға ауданындағы Тоқмансай ауылындағы фермадан малды далаға шығаруға және жем-шөп тасуға тыйым салды. Мұндағы сиырлар 3-4 күн бұрын ауыздарынан су ағып, іштері ісіп құлай бастаған. Алғашқыда ветеринар мамандар мүйізді ірі қара уланған болар деп топшылапты. Зертханалық зерттеуден соң ғана сиырларға қарасан тигенін анықтаған. Бұл індет жұққан мал өліп тынады. Етін жеуге болмайды. Осыған дейін бір ай бұрын Ойыл ауданында да шаруа қожалығынан қарасан ауруы анықталып, карантинге жабылған болатын.

Бердімұрат Бекжанов, Ақтөбе облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

Бүгінгі күнге шешім шығарылып, карантин қойылғаннан кейін соңғы бас мал қай күні өлді, содан бастап 14 күнді есептейді. Шектеу шаралары шыққаннан кейін бұл шаруашылықтан мал, ем-шөп, мал өнімдері шықпау керек, басқа жақтан келмеу керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде