{metadescription}
35 кітап. Қазақ классик ақын-жазушыларының шығармалары жарық көрді
35 кітап. Қазақ классик ақын-жазушыларының шығармалары жарық көрді

35 кітап. Қазақ классик ақын-жазушыларының шығармалары жарық көрді

Алматыда «Абай» баспасынан жарық көрген 35 кітаптың тұсауы кесілді. Баспа қазақ әдебиетінің классик ақын-жазушыларының шығармаларынан бірегей серия жасақтаған. Қазақтың бас ақыны хәкім Абайдан бастап, Дулат Бабатайұлы, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов, Алаш қайраткерлері мен тәуелсіз Қазақстанның көрнекті жазушылары мен белгілі жас авторлардың шығармаларын қамтиды.

Ақберен Елгезек, «Абай» баспасының директоры:

Болашақта оны 100 томға жеткіземіз деген арманымыз бар. Бұл бір айта кетерлігі, баспаның өз қаражатымен шығарылып жатыр. Ешқандай бюджеттен шығарып жатқан дүние емес. Неге десеңіздер, бүгінгі таңда кітап оқу сәнге айналып келе жатқан заман. Әсіресе жастар көп оқиды. Кітап жетпей жатады деп айтады. Сондықтан осы олқылықтың орнын толтыру үшін біз осындай қадамға барып тұрмыз.

35 кітаптың мұқабасы сұранысқа сай, заманауи үлгіде, минимализм дизайнда жасалған. Жинақтардың біразы бұрыннан қалыптасқан форма мен түстер галереясын, тіпті мазмұны мен тақырыбын да бұзып жарып, оқырманға жол тартады. Әр кезеңнің классик қаламгерлерінің шығармаларымен жалғасын тапқан кітаптардың ішінде оңайлықпен қолға түсе бермейтін, іздегенге таптырмас академиялық зерттеу еңбектері де бар.

Смағұл Елубай, жазушы:

Отыз бес кітаптың тұсаукесерін жасап жатыр. Бұл енді кітап әлемінде бір ерекше оқиға деп ойлаймын. Әуезовтен бастап, Жансүгіровтен бастап, қазақ классиктерінің біразы бар екен. Солардың ішінде біздің бір кітабымыз кіріп кетіпті. Баспалар қуана-қуана басып отыр. Сондықтан «Абай» баспасына алғысымыз ала бөтен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде