{metadescription}
Продюсер мамандығы туралы алғашқы қазақша кітап шықты
Продюсер мамандығы туралы алғашқы қазақша кітап шықты

Продюсер мамандығы туралы алғашқы қазақша кітап шықты

Сұранысы артқан сала. Бүгін Алматыда продюсер мамандығы жайында алғашқы қазақша кітаптың тұсауы кесілді. Туынды отандық кино мен телевизия продюсері болғысы келетін жанға арналады. Яғни белгілі бір идеяны жүзеге асырудың жолдары, одан пайда табудан бастап, кеңсе жұмыстарын жайғастырып, түсірілім технологияларын меңгеруді үйретеді.

Ана тіліміздегі кітаптардың күн сайын саны артып жатыр. Әңгіме, романнан бөлек, белгілі бір салаға қатысты да туындылар орысшадан қазақшаға аударыла бастады. Соның бірі «Продюсер мамандығы» кітабы. Автор Гүлнәр Әбікеева ұйымдастырушылық қабілетіңді аша білетін және арттыратын оқулықты жазу осыдан 12 жыл бұрын ойына келген. Бірақ сәті қазір бұйырған екен.

Гүлнәр Әбікеева, кітап авторы, Қазақстан киносыншылары қауымдастығының президенті:

Кітапта продюсерліктің майын ішіп, жілігін шаққан кәсіби 10 маманының іс-әрекеті суреттелген. Максим Смағұлов, Ораз Рымжанов, Сайын Ғабдуллин, Гүлнәр Сәрсенова және т.б. Жалпы туынды қазіргі жастарға өте қажет оқулық. Кітаптың толық шығуына атсалысып, әдемі дизайнмен әрлеген автор - Анастасия Таукел. Ол әр оқырманға шығарма қызықты әрі пайдалы болуы үшін кез келген қажет деген элементті қолдана білді.

Жалпы туынды оқырмандарға бір шыны кофе ішіп отырып өз білімін қалай сатуға болатыны жайында кеңес береді. Одан бөлек елімізде фильмді немесе телесериалды түсіру технологиясын тереңінен үйретіп, кеңсе жұмысын ұйымдастыру туралы да сөз қозғайды. Кітапта әртүрлі форматтағы сметалар мен кино өндірісінің құжаттарының үлгілері суреттелген. Бұл әсіресе продюсер болуды таңдаған жас мамандарға таптырмас оқулық дейді өнертанушы.

Ғайнижамал Әбілдина, өнертанушы, аудармашы:

 «Профессия продюсера» деген кітап ең алдымен 2021 жылы жарық көрді. Сосын сол кітап шығысымен бізде тұсаукесері болған кезде мен авторларға, белгілі продюсер Әлия Увальжанова және белгілі кинотанушы Гүлнар Әбікееваға ұсыныс тастадым. «Мынаны қазақ тіліне аудару керек, өйткені біздің қазақ тілді студенттер бұны білу керек» деп. Тек оқу құралы емес, бұл кәдімгі кино маманының үстелінде жататын бір құнды дүние деп есептеймін. 

Екі жыл бұрын жарық көрген орыс тіліндегі оқулық бүгінде бірнеше жоғары оқу орындарында қолданыста. Автор кітап барлық жастағы оқырманға арналған дейді. Демек бұл салаға қатысы жоқ адамдарды да жалықтырмайтынына сенімді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде