{metadescription}
Биылдың өзінде «Қазпоштадан» 270 миллион теңге ұрланған
Биылдың өзінде «Қазпоштадан» 270 миллион теңге ұрланған

Биылдың өзінде «Қазпоштадан» 270 миллион теңге ұрланған

«Қазпоштадан» жыл басынан бері 270 миллион теңге ұрланған. Мемлекеттік мекеме ішкі тексеріс жүргізіп, жеті өңірдегі әріптестерінің небір қулық-сұмдыққа барғанын анықтапты. Сөйтіп миллиондарды қалтаға басқан.

Тіркелген 11 заңбұзушылық экономикалық тергеу департаментіне жолданыпты. Тексеру кезінде белгілі болғандай, аймақтарда «Қазпошта» қызметкерлері өзіне заңсыз сыйақы жаздыртқан.

Кей өңірлерде жанармай ұрлау деректері тіркелген. Тіпті жүруге жарамсыз көлікке құрал-саймандар сатып аламыз деген желеумен миллиондарды жымқырып келіпті. Ішкі тергеп-тексеру «Қазпоштада» жыл сайын жүргізіледі, тек биылдан бастап жемқорлық деректерін ашық жариялауды жөн көрдік дейді ресми өкіл.

Болат Бұқарбай, «Қазпошта» АҚ пиар қызметінің басшысы:

Конкурс ойнату барысында жөндеу жұмысы нәтижесі бойынша мердігер компаниядан қаржы алу фактілері де бар. Жалпы барлық фактілерді қоса алғанда, 270 миллионға жуық шығын болған. Дегенмен барлық іс құқық қорғау органдарына берілді. «Қазпошта» тергеп-тексеру органдарымен, тығыз қарым-қатынас орнатып жұміс істеуге дайын. Және жұмысын жалғастыр береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.