{metadescription}
Құлжа тас жолында қымбат көліктер апатына бірнеше жедел жәрдем бригадасы келді
Құлжа тас жолында қымбат көліктер апатына бірнеше жедел жәрдем бригадасы келді

Құлжа тас жолында қымбат көліктер апатына бірнеше жедел жәрдем бригадасы келді

Құлжа тас жолының бойында жол апатынан зардап шеккен төрт адам ауруханада жатыр. Түнде Алматы іргесінде қымбат көліктер соқтығысып, оқиға орнына бірнеше жедел жәрдем бригадасын шақыртуға тура келген.

BMW жүргізушісі кенеттен Toyota көлігіне барып соғылып, артынша Мерседесті қағады. Соққының қатты болғаны соншалық, элиталық көліктің капоты жаншылып түгі қалмады. Ал жүргізушісі ауыр жарақатпен ауруханада жатыр. Дәрігерлер ота жасау керегін айтады.

Апаттан зардап шеккен тағы үш жолаушының екеуі үйіне қайтарылыпты. 23 жастағы бойжеткен нейрохирургия бөлімінде емделіп жатыр.

Полицейлер жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Кінәлі анықталса, айыппұл арқалап немесе алты айға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.