{metadescription}
Криптовалюта саудасынан 100 млн пайда тапқан қарағандылық ұсталды
Криптовалюта саудасынан 100 млн пайда тапқан қарағандылық ұсталды

Криптовалюта саудасынан 100 млн пайда тапқан қарағандылық ұсталды

Қарағандыда криптовалюта саудасымен айналысып, жүз миллион теңгеге жуық заңсыз пайда тапқан тұрғын ұсталды. Криптоплатформада қитұрқы әрекетімен көзге түскен азаматты қаржы монторингі агенттігі анықтады.

Күдіктінің биржада криптовалютаны сатып алуға және сатуға лицензиясы болмаған. Сондықтан оның әрекеті заңсыз кәсіпкерлікке жатқызылды. Криптобиржада үш жылдан бері сауда жасаған ол бұл кәсіпке туған ұлын да араластырыпты. Себебі, егер қомақты қаражат бір адамның шотына түсе беретін болса, платформа да, банктер тарапынан да күдікке ілінеді. Сондықтан ол түскен пайданы екі адамның шотына бөліп отырған.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:

Аса ірі кіріс алумен ұштасқан криптобиржа арқылы электронды цифрлық активтер айналымымен заңсыз кәсеркерлікпен айналысқан азаматқа қатысты тергеп-тексеруді тіркеді. Аталған тұлғалардың ешқайсысында айырбастау операциясын жүзеге асыруға лицензиясы болмаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.