{metadescription}
Ақтөбеде қылмыстық топтың серкесі Еркін Ізбасаров жерленді
Ақтөбеде қылмыстық топтың серкесі Еркін Ізбасаров жерленді

Ақтөбеде қылмыстық топтың серкесі Еркін Ізбасаров жерленді

Ақтөбеде «Ағайынды төртеу» деп аталатын қылмыстық топтың серкесі Еркін Ізбасаров жерленді. Мұнай ұрлады деген күдікпен сотталған марқұм осыдан екі жыл бұрын денсаулығына байланысты бостандыққа шыққан болатын.

Кезінде спортшылардан бастап өнер жұлдыздарына дейін демеушілік көрсетіп, аты шыққан Ізбасаровты ақтық сапарға аттандыруға келгендердің қарасы көп болды. Сүйегін қала шетіндегі Заречный елдімекеніндегі өз үйінен шығарды.

Марқұм осыдан бес жыл бұрын қылмыстық топ құрып, адам ұрлау мен қара алтын ұрлығына қатысты 12 жылға бас бостандығынан айрылған еді. Кейін жазасына тағы төрт жыл қосылды. Бірақ Еркін Ізбасаров сотта өзінің «Ағайынды төртеу» ұйымына қатысы жоқтығын сан мәрте айтқан. Көзі тірісінде палуандарға мықты қолдау көрсетіп, өңірде еркін күрестің дамуына ат салысты. Олимпиада жүлдегері Нұрислам Санаевты елге алдырып, жаттығуына қаржылай қолдау білдірген. Себебі өзі де жол апатына түсіп арбаға таңылғанға дейін еркін күреспен айналысыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде