{metadescription}
Әлеуметтану мектебінің түлектері түрлі саладағы мәселеге жіті талдау жасаған
Әлеуметтану мектебінің түлектері түрлі саладағы мәселеге жіті талдау жасаған

Әлеуметтану мектебінің түлектері түрлі саладағы мәселеге жіті талдау жасаған

Әлеуметтанушылар мектебінің түлектері бүгін жаңа зерттеулерінің нәтижесін көрсетті. Олар білім саласындағы зерттеу, еңбек нарығы, қала зерттеулері мен криминология және гендерлік мәселелерге жіті талдау жасаған. Әлеуметтанушылар мұның барлығын Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауының арқасында меңгеріп, жаңа әдістерді пайдалана отырып жүргізген.

Әлия Сәрсекеева, Kazakhstan Sociology Lab әлеуметтанушылар мектебінің жетекшісі:

Бұл бізге мықты сарапшыларды жинап, олардың талдау, деректерді өңдеу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берген маңызды жоба. Біз сапалық әдістер мен R тілінде бағдарламалауды меңгеріп, біраз тәжірибе жинадық. Жалпы курстар тегін болды, оқуды толығымен Нұрсұлтан Назарбаев қоры қаржыландырды. Бұл жобаны биыл да жалғастыруды жоспарлап отырмыз.

Шара әлеуметтанушылар мектебінің оқушылары әзірлеген инновациялық зерттеу жобаларын таныстыратын ерекше алаңға айналды. Онда қоғамға аса маңызды түрлі әлеуметтік құбылыстар кеңінен талданып, ерекше назарға алынды. Тоғыз ай бойы білімін шыңдаған түлектер зерттеулерімен таныстырып қана қоймай, жиналғандармен пікір таластырып, талдауларын қорғап шықты. Олар оқу маусымында қазақстандық қана емес, шетелдік үздік спикерлерден де тәлім алды. Жоба ұйымдастырушылары мектеп түлектері еліміздің әлеуметтану саласына серпін беріп, білікті сарапшылар қатарын толықтыратынына сенімді. Келер жылы сараптамалық зерттеулерге ниетті оқушылардың екінші легі қабылданбақ.

Айгүл Жанәділова, әлеуметтанушылар мектебінің түлегі:

Менің зерттеу тақырыбым әлеуметтанудағы әдістерге байланысты және маған бұл мектеп құнды болды. Бұл мектептің нәтижелері өте көп. Ең біріншісі, ол мәліметтерді жақсы игеру, әлеуметтанулық мәліметтерді білу, әдістерді үйрену. Екіншісі , ол өзіміздің осы салада жүрген мамандармен етене танысу және жақсы нетворкинг қалыптастыру.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде