{metadescription}
Маңғыстау облысында қызылша жұқтырғандар ауруханаға сыймай жатыр
Маңғыстау облысында қызылша жұқтырғандар ауруханаға сыймай жатыр

Маңғыстау облысында қызылша жұқтырғандар ауруханаға сыймай жатыр

Маңғыстау облысында қызылша жұқтырғандар ауруханаға сыймай жатыр. Өңірде жұқпалы дертпен ауырғандар саны мыңнан асып кеткен. Оның 90-ға жуығы — сәбилер. Науқас көптігінен облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәлізіне дейін кереуеттер қойылыпты.

Ғалия Қайратқызы:

Түнде дәлізде 8 ана жаттық, салқын болды. Ингаляторды үйден алып келдік. Балаларымызды сыртқы киіммен ұйықтаттық. Уайыммен ұйықтадық. Екі палата босап, соған ауыстырды.

Ашынған ата-аналар ауруханада дәрігерлердің де жетіспей жатқанын айтады. Тіпті кейбірі сәбиін құшағына алып дәлізде түнепті. Науқастардың көбі қызылша, бронхиолит және пневмониямен түскен. Ал аурухана басшылығы жұқпалы аурулардың күрт көбеюіне байланысты инфекциялық бөлімшедегі төсек санын алыпстан 80 -ге дейін көбейттік деп отыр. Бірақ түнгі мезгілде қызылшамен ауырғандардың көп келуіне байланысты бәріне орын жетпеген. Өңірде эпидахуалдың өршуіне байланысты науқастарды қаланың басқа шетіндегі модульді стационарға көшіріп жатыр.

Бибізада Дүйсенбаева, Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Бір жасқа дейінгі балалардың 39–ы жатыр. Жалпы саны 91. Сондықтан модульдік жаңа стационарға көшіргелі жатырмыз. Қазір «С» блокты дайындадық. Қабылдау бөлімі «С» блок арқылы өтеді және жанындағы блоктарды да дайындаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде