{metadescription}
Сарапшылар: Қадағалауды күшейтсе, хостелден артық баспана жоқ
Сарапшылар: Қадағалауды күшейтсе, хостелден артық баспана жоқ

Сарапшылар: Қадағалауды күшейтсе, хостелден артық баспана жоқ

Хостелдегі өрттен алматылықтар көпқабатты үйдің жертөлесінде орналасқан хостелдерді жабуды талап етуде. Мәселен, Ақсай шағынауданындағы бір аулада үш бірдей хостел бар екен. Адам аяғы үзілмейтін орынды сол жатақты тұрғындар екі жылдан бері жаптыра алмай жүр

Айнагүл Серғазинова:

Бұл хостелдер қалай жекеменшікке өтіп кеткені белгісіз. Біз ол туралы жазғанда ешкім ешқандай ақпарат берген жоқ. Қазір мен осы үйде тұрамын, 18-ші үйде. Айналамда үш хостел бар. Кешке таман балалаларымды далаға шығара алмаймын, неше түрлі адам тұрады. Жағдайын білесіздер, бұл жерде терезе жоқ. Егер өрт болса, жертөледегі хостелдің кесірінен бір үй бірден кетейін деп тұр. Жылу, су ұбырлары, электр жүйесі үйдің астымен жүреді.

Жертөледе орналасқан хостелдер тұрғындарға қай жағынан да қауіпті. Ақсайдағы хостелдердің бірінде былтыр өрт болып тұрғындарды әбден әбігерге салған екен. Ал сарапшылар хостелдерді мүлдем жауып тастауға болмайды деп отыр. 2017 жылы хостелдер бойынша заң қабылданғанын айтқан мамандар арзан қонақ үйге қатысты ережені кәсіпкерлер көбіне сақтамайды дейді. Ал оны тексеруі тиіс органдар көз жұма қарайды екен. Соның салдарынан бүгінгідей қайғы болып жатқанын айтады. Сондықтан қадағалауды күшейтсе, хостелден артық баспана жоқ деп отыр.

Шәкір Исламбакиев, хостелдер бойынша сарапшы:

Хостел деген ең қолжетімді баспана. Бірақ оны ашқан кезде стандарттарға сай ма, жоқ па, оны қарап жатқандар аз. Мәселен үйлердің жертөлесіне хостел орналастыруға болмайды және бір кереуетке төрт метр болуы керек. Оның желдеткіші, терезесі мен қосымша шығатын есігі болуы шарт. Бізде, өкінішке қарай, ғимарат жалдап оған екі қабатты кереует қойса болды, хостел болып шығады деп ойлайды. Сондықтан хостелдердің иелері бетімен кетпес үшін тексеріп тұру керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде