{metadescription}
«Лицензиясыз». Қалғұттыда салынған жаңа мектеп жабылуы мүмкін
«Лицензиясыз». Қалғұттыда салынған жаңа мектеп жабылуы мүмкін

«Лицензиясыз». Қалғұттыда салынған жаңа мектеп жабылуы мүмкін

Жамбыл облысында мемлекет қаражатына салынған жаңа мектеп жабылуы мүмкін. Өйткені ауылдағы жалғыз білім ошағы бала оқытуға рұқсат қағаз алмаған. Қазір онда 200 оқушы білім алады. Лицензиясыз жұмыс істеп отырған білім ұясына көрші ауыл мектебінен мұғалімдер сабақ өткізіп жүр. Ал білім беру сапасын бақылау департаменті нысан жаңа стандартқа сай емес деп отыр. Бұл олқылық жөнделмесе, ауыл мектебі жабылады.

Бірнеше жыл бұрын Қордай ауданындағы Қалғұтты ауылынан 180 балаға арналған жаңа мектеп құрылысы аяқталғанда ауыл халқы балаша қуандық деп еске алады. Алайда сән-салтанатпен ашылған білім ошағының тиісті құжаттары болмай шықты. Бұған дейін екі мәрте лицензияға өткізілген құжат кері қайтарылған. Тұрғындар көп жыл бойы күткен жаңа мектеп жабыла ма деп деп алаңдап жүр.

Кәмшат Сағидулаева:

Үкімет заңсыз түрде, бекерге неге салады? О баста соны ойламай ма? Балаларды оқытамыз, соншама ақша қаражат кетті. Тұрғындар шағым жасаған соң, соның арқасында салғыздық. Маған балаларда алысқа апарып оқытқан қиын. Үш балам бар. Үшеуі де кішкентай.

Жанат Төлегенова:

Мектеп бізге өте қажет. Мұның ашылғанын қалаймыз. Балалар көрші ауылға барып оқып жүр. Сабақ кестесімен кешкі сегізде қайтады. Біз каналдан қорқамыз.

Қазір білім ошағы көрші ауылдағы Жамбыл Жабаев атындағы мектептің бір корпусы ретінде қызмет атқарып келеді. Мектеп ұжымы лицензияға қол жеткізу үшін кем-кетігін өз бетімен түзеуге көшіпті. Мәселен, директордың кабинеті акті залына айналған.

Айжан Өтепова, мектеп директорының міндетін атқарушы:

Бастысы, тап-тақыр мектеп. Тек қабырғасы бар, баяғы замандағыдай парта, тақта,тізбектей берсең, майда-шүйдесі көп. Жаңа модификациялы мектепте 25 домбырасына дейін болу керек. Құжатқа көп нәрсе керек. Біз екі рет өтініш бердік, екі рет қайтарды, материалдық база жоқ.

Ал лицензия беруі тиіс мекеме мамандары жаңа нысаннан 500-ге тарта кемшілік анықтаған. Тіпті жобада білім беруге басты қажеттіліктер ескерілмеген дейді. Жаңа білім беру стандартына сай мұндағы әр кабинетте интерактивті тақта болуға тиіс. Шеберхана мен зертханалар да атымен жоқ. Ал құрылыс жобасының әу баста сараптамадан қалай өтіп кеткені белгісіз.

Дәмеш Үскімбаева, Жамбыл облысы білім сапасын бақылау департаментінің басшысы:

Біз қазір құжаттың барлығын қарап жатырмыз. Ол дұрыс деген кезде комиссияға саламыз да, мектепке шығып, сол көрсеткен құжаттар нақты бар ма, соған көз жеткіземіз. Бірақ оған әлі жеткен жоқпыз.

Екі жылдан бері балаларды заңды құжатсыз оқытып отырған мектепті департамент мамандары екі мәрте сотқа берген. Енді жыл соңына дейін білім ошағы рұқсат қағазын алуға тиіс. Ал жаңа мектепке лицензия берілмесе, мектеп құрылысына кеткен 548 млн теңге бюджет қаражаты желге ұшады. Ал ауыл балалары көрші ауылға қайта сабылып оқуына мәжбүр болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде