Петропавлда мектепте қырғын салған оқушы Давид Джакеладзе сотталды
Петропавлда мектепке балта мен пышақ алып келіп балаларға шабуыл жасаған оқушыға сот үкім кесті. Небәрі 14 жастағы жеткіншек енді влты жыл тоғыз айын түрмеде өткізеді. Давид Джакеладзе мектепте жаппай қырғын салмақ болған дейді алқа билер соты. Қанды қасаптың алдын алған сондағы ересек балалар екен.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
30.11.2023
Оқиға Петропавл қаласындағы №4 мектепте таңертең сабақ басталмай тұрғанда болған. 14 жастағы Давид Джакеладзе сайтан бейнесіндегі бетперде киіп, екінші қабатта жәйбарақат тұрған оқушыларды балтамен ұрған. Соның алдарынан үш бала жарақат алған еді. Қатарластарына қастандық жасаған оқушыны ересек балалар жабылып тоқтатты. Содан бері тоғыз ай қаралған қылмыстық іс бойынша сот отырысы алқабилердің қатысуымен жабық жағдайда өтті. Күдікті істеген ісін мойындамай қасарысып бақты. Бірақ сотта бұған бұлтартпас дәлелдер болды. Жасөспірімге мектептен берілген мінездеме мен оның кәмелетке тік толмауына байланысты жеңілдік беріліп, алты жыл тоғыз ай үкім кесті. Жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.
Әбдіқаһар Еркебаев, судья:
— Қылмыс жасаған кезде психикалық ауытқу жағдайында болдым дегеніңіз Алматыда жасалған психиатриялық, наркологиялық кешенді сот сараптамасында анықталмады. Ешқандай да психикалық ауруыңыз жоқ. Қылмыс жасаған кезде өзіңізді меңгеретіндей, жасаған ісіңізге жауап бере алатындай жағдайда болдыңыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!