{metadescription}
Депутаттар: Сабақта телефон қолдануға тыйым және діни әдебиетке шектеу
Депутаттар: Сабақта телефон қолдануға тыйым және діни әдебиетке шектеу

Депутаттар: Сабақта телефон қолдануға тыйым және діни әдебиетке шектеу

Оқушыларға сабақ үстінде телефон пайдалануға тыйым салынбақшы. Мәжілісте қаралған білім беру мен тәлімгерлік мәселелері туралы заң жобасында осындай норма бар. Құжатты көпшілікке таныстырған депутат Асхат Аймағамбетов соңғы кезде телефонның пайдалы жағымен қатар кері тұстары да байқалуда дейді.

Заңдағы жаңа өзгерістерге сәйкес смартфонды тек сабақ барысына қажет болған жағдайда мұғалімнің рұқсатымен пайдалануға болады. Сондай-ақ сабақ арасындағы үзіліс кезінде ата-анасымен сөйлесу үшін телефонын қосуға рұқсат.

Халық қалаулылары кез келген діни әдебиеттің мектепте оқытылуына толық шектеу қоямыз дейді. Мұндай тыйымды олар зайырлы мемлекетте мектеп қабырғасында діни ақпараттың болмауы керек деп түсіндірді.

Асхат Аймағамбетов Мәжіліс депутаты:

Біздің заңда ұсынып отырған нормамыз тек сабақ кезінде шектеу туралы. Мектепке телефонды алып келіп, үзілісте оны қолдануға шектеу жоқ. Оқушылар үзілісте ұялы телефонды қолданамын десе, қолданады. Тек сабақ үстінде қолданбауы керек. Сабақ кезінде бала тек сабағын оқуы керек. Tık Tok пен Instagram-да отырып, басқа дүниелермен айналысуға нақты шектеу қойылып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде