Руслан Рүстемов: Бізде ұлттық контент әлі жеткіліксіз
Бізде ұлттық контент әлі жеткіліксіз. Жас ұрпақ ғаламтордан көретін дүниелердің кесірінен балалардың тілі қазақша шықпай жатыр. Сенат депутаты Руслан Рүстемов бұл өте қауіпті құбылыс деп дабыл қағып, Үкіметтен шара қолдануды сұрады.
Автор: Мерей Қалиасқар
30.11.2023
Сенатор технология озған сайын жас ұрпақ руханиятымыз бен салт-дәстүрімізге негізделген құндылықтардан алыстап жатқанына алаңдайды.Ең әуелі балалар санасында бэтмен, спайдермен сынды жасанды қаһармандардан гөрі, еліктеу тудыратын өз батырларымыздың бейнесі насихатталуға тиіс.
Ұлттық кейіпкерлеріміз бен жыр-дастандарымызға негізделген шығармашылық өнімдерді субсидиялау мүмкіндігін қарастырған жөн. Сонымен қатар балалар театрларының, қуыршақ театрларының репертуарында ұлттық фольклорға негізделген қазақша қойылымдар жоқтың қасы.
Руслан Рүстемов, Сенат депутаты:
— Бірен-саран қойылымның өзі ескірген, тартымсыз. Осы ретте режиссерлар, драматургтер, креативті индустрия өкілдері отандық балалар драматургиясына баса назар аударғаны жөн. Әдебиетіміз бен фольклорымызда тақырып, мазмұн, контент жеткілікті. Тек оны заманауи форматта көпшілікке жеткізу қажет.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!