{metadescription}
БАҚ сауалына жазбаша жауап бес күнге қысқартылады
БАҚ сауалына жазбаша жауап бес күнге қысқартылады

БАҚ сауалына жазбаша жауап бес күнге қысқартылады

Құзырлы органдар мен министрліктерге журналистер тарапынан жолданатын сауалдарға жазбаша жауап беру мерзімі 7 күннен 5 күнге қысқарады. Бұл норма бүгін мәжілісмендердің қызу талқысына түскен «Масс-медиа туралы» заң жобасының бірінші оқылымында қаралды.

Депутаттар құжатта бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің өмірін сақтандыру туралы норманы енгізуді қос қолдап ұсынып отыр. Өз кезегінде мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ұсыныстың дұрыс екенін айтып, төртінші билік өкілдеріне жан-жақты қолдау білдіретінін жеткізді.

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

Норма дұрыс, өйткені журналист төтенше жағдайлар немесе соғыс аймағындағы оқиғалар туралы ақпарат таратқанда оның өмірін сақтандыру өте маңызды. Бірақ тағы бір мәселе БАҚ бұл шағын және орта бизнес субъектілері. Сондықтан біз қазір осы норма бойынша олардың құқықтарына нұқсан келтірмеу үшін сараптама жүргізіп жатырмыз. Әрбір редакция өз журналистерін сақтандыруға міндетті деп санаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде