{metadescription}
«500 метр биікте». Маркедегі италиялық шарап зауыты таныстырылды
«500 метр биікте». Маркедегі италиялық шарап зауыты таныстырылды

«500 метр биікте». Маркедегі италиялық шарап зауыты таныстырылды

Алматыда Италияның Марке өңіріндегі шарап зауытының таныстырылымы болды. Шараны зауыт қожайыны Массимо Берлонидің өзі жүргізді. Оның сапалы шарабын өндіретін жүзім бақтары теңіз деңгейінен 500 мерт биікте орналасқан екен.

Трейдмарк Итали компаниясы келісімшартқа отырған беделді шарап зауытының таныстылымы жаңартылған Ля Прима сауда үйінде өтті. Кештің жұлдызы италиялық шарап зауытының иесі Массимо Берлони. Оның өндірісі осы саландағы үздіктер қатарында. Жүзім бақтары Италия шығысындағы андриатикалық жағалауда теңіз деңгейінен 500 метр биікте орналасқан.

Массимо Берлони, шарап зауытының қожайыны:

Біз жүзім сорттарын тек биологиялық тәсілмен өсіреміз. Химиялық қоспалар жоқ. Жүзім алқабы теңізге жақын орналасқандықтан, табиғи желдету бар. Жүзімді өсіруге 4 жыл кетсе, жақсы жеміс 9 жылдан кейін ғана жиналады. Ондаған жылдар бойы өсетін жүзімге ерекше күтім қажет. Біз 3 түрлі шарап өндіреміз: ақ, қызыл және көпіршікті.

Италия мәдениеті мен салтына арналған кеште ондаған мейман болды. Арасында Қазақстандағы Италия елшілігінің өкілдері де бар.

Эдуардо Кризафульди, Қазақстандағы Италия елшілігінің мәдениет бойынша атташесі:

Елші Марко Альбертидің жемісті жұмысының арқасында Қазақстан мен Италия арасындағы байланыс барлық салада нығайып жатыр. Зауыттың таныстырылымы өте маңызды. Өйткені мұнда жоғары дәрежелі өнім ұсынылған. Италияда шикізаттың өсіп өнуі мен одан өнім алуға ерекше мән беріледі.

Берлонидің жүзімі өсетін жер батпақты және сортаң. Нәтижесінде шараптан сан түрлі талғамдағы хош иіс бөлінеді екен. Бұл өнімді енді қазақстандықтар да ала алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.