{metadescription}
Алматыда 123 хостелдің көбінде қауіпсіздік шарасы сақталмаған
Алматыда 123 хостелдің көбінде қауіпсіздік шарасы сақталмаған

Алматыда 123 хостелдің көбінде қауіпсіздік шарасы сақталмаған

Алматылықтар 13 адамның өмірі қиылған хостелге гүл шоғын әкеліп жатыр. Қайғылы оқиғадан соң ғимараттың маңайы кешелі бері қатаң бақылауда. Есігі тарс жабық. Құқық қорғау органдары жан-жақтан күзетіп жүр. Төтеншеліктер де бұған дейін өрт қауіпсіздігіне қатысты осындай хостел иелеріне ескертулер жасапты. Бірақ оған бәрі бірдей құлақ аспаған.

Айдың-күннің аманында 13 адамның өмірі қиылған хостел қазір қаңырап тұр. Оқиға орнында тәртіп сақшылары мен гүл шоғын қойып, дұға бағыштаған бірен-саран тұрғын ғана жүр. Ал хостел иесі қазір іздеуде. Алматы төтенше жағдайлар департаменті мұндай нысандарды жылу маусымы басталған кезде тексердік деп отыр. Қауіпсіздік ережелерін сақтауға қатысты бірнеше ескерту де жасалған екен.

Самат Асаинов, Алматы ТЖД бастығының орынбасары:

Хостелдерді бақылау мәселесіне келетін болсақ, қазір қаладағы 123 нысан тіркеуде тұр. Барлығы «Жатақхана» акциясы бойынша тексерілген. Профилкатикалық жұмыс, яғни, тұрғындарға ескерту парағы таратылып, өрт қауіпсіздігін сақтау туралы ақпарат берілген.

 Ақпарат берілгенімен, оны орындауға барлығы бірдей асықпаған. Бұның бір дәлелі кешегі қайғылы жағдай. Жалпы Алматыда жертөледе орналасқан хостелдер саны жетерлік. Көбінде қауіпсіздік шаралары ақсап тұр. Мәселен, мына хостелде өрт қауіпсіздігі мүлде сақталмаған. Бірде-бір терезесі мен апаттан шығатын есігі де жоқ. Ал бір бөлмеге бес немесе сегіз адамға дейін орналаса алады.

Мұндай хостелдердің көбі қазір келісімшартпен жатақханада орын жетпеген студенттерге беріледі. Пәтер жалдауға ақшасы жоқ, жұмыс іздеп жан-жақтан келген жастар да осындай арзан жерді жағалауға мәжбүр. Кешегі өрт шыққан хостелде қаза тапқандар сол студенттер мен жастар. Тоғыз қазақстандық пен төрт шетел азаматының өліміне себеп болған хостел иесінен әлі де хабар жоқ. Қайғылы оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылып, тексеру басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.