{metadescription}
Тек ақша алуды білетін хостел иелері ТЖ ескертуін пысқырмайды
Тек ақша алуды білетін хостел иелері ТЖ ескертуін пысқырмайды

Тек ақша алуды білетін хостел иелері ТЖ ескертуін пысқырмайды

Алматыдағы қайғылы жағдайдан кейін төтенше жағдайлар министрлігі еліміздегі хостелдерді жапа-тармағай тексеріп жатыр. Бүгін мамандар астанада жертөледе орналасқан 20 жатаққа ма бас сұқты.

Төтеншеліктер кірген хостелдердің ешқайсысы құрылыс және санитарлық нормаларға мүлдем сай келмейді. Қауіпсіздік шаралары туралы айтпай-ақ қойса да болады. Не өрт сөндіру құрылғылары жоқ, не желдеткіш жүйесі мүлде қарастырылмаған. Тілсіз жау тұтана қалса, сыртқа шығатын терезелерін темір қоршаумен шегелеп бекітіп тастаған. Тек ақша алуды ғана білетін мұндай хостелдердің иелеріне төтенше жағдайлар департаменті айыппұл да сала алмайды. Кәсіпкерлерді тексеруге уақытша мораторий жарияланғандықтан, көбіне қожайындары ескертулерге пысқырып қарамайды.

Мадияр Мырзагелдиев, Астана ТЖД басқарма бастығы:

Астана қаласының әкімдігінің ресми мәліметі бойынша 80 хостел Астанада орналасқан. ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес хостел иесі немесе басқа адам бізге тексеру туралы арыз берсе, біз мән-жайын айтып береміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.