{metadescription}
Биыл қатты аяз болмайды, мұзға шықпауды ескертіп отыр
Биыл қатты аяз болмайды, мұзға шықпауды ескертіп отыр

Биыл қатты аяз болмайды, мұзға шықпауды ескертіп отыр

Қыс келіп, кеш болса да қар түскенімен, өзен-көлдердегі мұз қатып үлгерген жоқ. Жалпы биыл Есіл өзенінде мұздың жұқа болатынын астаналықтарға құтқарушылар ескертіп жатыр. Яғни Арқа жұртын әдеттегі қақаған қыс емес, 20 жылдан аса уақыттан бері болмаған ерекше жылы мезгіл күтіп тұр. Тіпті күн суытып сынап бағанасы күрт төмендеген күннің өзінде мұзға шықпаған абзал.

Азамат Жұмекешов, Астана ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері:

Егер де осындай жылы ауа райы, яғни -10,13 градус болса , өздеріңіз көріп тұрғандай, су бетінде мұз болмайды. Ендеше мұзға шықпауларын сұраймыз. Егер мұз жарылып суға кетсеңіз, екі қолыңызды екі жаққа жайып, не болмаса аяғыңызды судың бетіне көтеріп, домалау арқылы жағаға жетіп аласыз.

«Қазгидромет» те биыл қыс жылы болады деп болжайды. Желтоқсан айының соңына дейін ауа температурасы минус он бес градустан төмен түспейді. Синоптиктер қаңтарда да аяз болмайтынын болжап отыр. Алайда қар әдеттегіден көп жауады. Мамандар мұздың беті қармен жабылған жермен жүрмеуге ескертеді. Себебі ондай жерде мұз өте баяу қатады.

Жалпы елордада былтыр мұз астына кету дерегі тіркелмеген. Дегенмен биыл, осы аптада жасөспірім жұқа мұз жарылып кетіп көз жұма жаздады. Абырой болғанда оқушыны сол маңда өтіп бара жатқандар құтқарып қалған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде