{metadescription}
Рейд: Семейде жезөкшелер көбейген
Рейд: Семейде жезөкшелер көбейген

Рейд: Семейде жезөкшелер көбейген

Семейде тәнін саудалаған «түнгі көбелектер» көбейген. Тәртіп сақшылары мен арнайы жасақ қонақүйлер мен сауналарға сау етіп кіріп, желік қуғандарды жаппай ұстап жатыр.

Арын ақшаға сатқан арулар полициядан да қорықпайтын болған. Рейд барысында тосыннан келгендерге тосырқамаған 10-ға жуық жезөкше ұсталды. Олар бөлімшеде түсініктеме жазып тіркеуге алынды. Қазір шаһарда көне кәсіпті табыс көзіне айналдырған қыздардың саны 180-нен асады. Жалпы жыл басынан бері тәнін саудалаған 44 бикеш тіркеуге алынған. Тәртіп сақшылары қыздарға әкімшілік айыппұл салумен ғана шектелуде. Себебі заңда қатаң шара қарастырылмаған. Сондықтан жезөкшелікті жою мүмкін болмай отыр. Дегенмен «түнгі көбелектерге» жәрдемдескен 53 жастағы жеңгетай әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Әсет Шахантаев, Абай облысы ПД ҰҚҚКБ бастығының міндетін атқарушы:

Полиция қызметкерлері жедел ақпаратты іске асыру кезінде интим қызмет көрсеткен саунаны анықтады. Заңсыз қызметті ұйымдастырған мекеме әкімшісі ұсталды. Азаматшаға ҚР ҚК 309-бабының 1-бөлігі бойынша "жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұстап және ұйымдастыру бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде