{metadescription}
Контрабанда: Оралда бір жарым миллион қорап темекі өртелді
Контрабанда: Оралда бір жарым миллион қорап темекі өртелді

Контрабанда: Оралда бір жарым миллион қорап темекі өртелді

Оралда контрабанда жолымен келген бір жарым миллион қорап темекі өртелді. Себебі өнімнің қорабында қайда өндірілгені және басқа да ақпараты жазылмаған.

Қаржы мониторингі агенттігі қызметкерлері құны бір миллиард теңгеге жуық тауарды жоюға мәжбүр болды. Сот күмәнді темекімен өзгелердің өкпесін ыстамауды ойлады ма, қыруар қаржының қораптарына от қоюға үкім шығарған. Қорабында штрих-коды жоқ шылымды сатпақшы болған бірнеше адам сотталып, жазалан. Осыған дейін батысқазақстандық қаржы мониторингі агентігінің өкілдері ешбір құжатсыз темекі сатпақшы болған компанияны анықтаған. Бірақ ол кезде сот тәркіленген шылымды саудаға шығаруға рұқсат беріп, түскен 84 миллион теңге көлеміндегі табысты мемлекет қазынасына аударды.

Сағадат Ғадылжанов, БҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі:

Тиісті құжатсыз заңсыз кәсіпкерлік қызметті анықтау нәтижесінде тәркіленген DataMatrix бар темекілерді өткізу туралы өтінішін қанағаттандыру туралы қаулы шығарған. Сатылымнан түскен 84 млн теңге қаражат сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін, сот шешімі бойынша мемлекет кірісіне аударылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде