{metadescription}
«Ұзақбай Құлымбетов — қазақ билігінің ақсақалы» кітабының тұсауы кесілді
«Ұзақбай Құлымбетов — қазақ билігінің ақсақалы» кітабының тұсауы кесілді

«Ұзақбай Құлымбетов — қазақ билігінің ақсақалы» кітабының тұсауы кесілді

«Ұзақбай Құлымбетов — қазақ билігінің ақсақалы». Қазақ ұлттық өнер академиясында осындай атаумен кітап тұсауы кесілді. Өткен ғасырда ұлт мәдениетін, ел экономикасын көтеруде ерен еңбегі сіңген абзал азамат артында өшпес мұра қалдырды.

Бекарыстан Мырзабай, «Қаһармандар» республикалық қоғамдық қорының Ақтөбе облысы филиалының төрағасы:

Алаш идеясымен сусындап өсті. Кейіннен Кеңес үкіметін орнатуға айтарлықтай үлес қосты. Осы туралы оның 7 кітабының бесеуі табылып тұр. Бесеуі қазіргі тілмен айтқанда, бес мемлекеттік бағдарлама. Біреуі мысалы ауыл шаруашылығы өндірісті қалыптастыру, біреуі ағарту мәдениет саласы, алфавитті ауыстыру. Республиканың сол кездегі Кеңес кезіндегі оның шекарасын белгілеу, оның рәміздерін дайындау, оның конститутциясын бекіту.

Осындай ілкімді істердің бастауында Ұзақбай Құлымбетов тұрды. 1925-1937 жылдар аралығында Халық шаруашылығы кеңесінің төрағасы, Қазақ өлкелік ішкі және сыртқа сауда халық комиссары, Қазақ өлкелік Орталық атқару комитетінің төрағасы қызметтерінде болған. Құлымбетов «Карлаг», «Алжир» сияқты өлім лагерьлерінің қазақ жеріне қоныс тепкендігіне қарсы шықты. Азаматтық ұстанымы үшін «халық жауы» деген жала жабылып, 1938 жылы атылды. Бүгін тұсауы кесілген «Ұзақбай Құлымбетов-қазақ билігің ақсақалы» кітабында талай тарихи деректің беті ашылған.

Орынша Құлымбетова, Ұ.Құлымбетовтің ұрпағы:

Бүгін Қазақстанның орталық атқару комитетінің төрағасы болған, 37 ші жылы қуғын сүргін құрбаны болған Құлымбетов Ұзақбайдың кітабының тұсаукесері өтті. 3735 Мына кітапта шығармалары, ана кісілердің мақалалары жөнінде жазғаны ғылыми еңбекке айналып жатыр ғой. Құлымбетов енді ғылыми еңбектің тізімінде жүреді енді бұдан кейін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде