{metadescription}
КТК арнасында «Менің сүйікті донорым» сериалы басталады
КТК арнасында «Менің сүйікті донорым» сериалы басталады

КТК арнасында «Менің сүйікті донорым» сериалы басталады

Туған бауырың немесе сүйіктің. Таңдау жасауға тура келіп, тағдыр тәлкегіне түскен туыстар жайындағы телехикая көрерменге жол тартуға дайын. КТК арнасының жаздың соңғы күндерінде түсірген сериалы «Менің сүйікті донорым» деп аталады.

Картина жақыны үшін жанын беруге даяр аға жайында. Махаббаты үшін де әуре-сарсаңға түскен ғашық жүректің қайғысы. Телехикая 4 желтоқсаннан бастап дүйсенбі мен жұма аралығында 18:00 де көрсетіледі.

Жаймашуақ жазда түсірілген сериал көрерменімен қауышуға асық. Телехикая бауырлардың басына түскен ауыр сынақ жайында. Басты кейіпкер Руслан қарындасының хал үстінде жатқанын көріп, оны аман алып қалуға кіріседі. Алайда оның бір ғана жолы өкпесін ауыстыратын донор табу. Ал донорлыққа келіскен қызға ғашық болып қалған жігіт екі оттың ортасында қалады.

Ботагөз Кенішбай, режиссер:

Донор іздегенімен қатар ,біздің басты кейіпкеріміз шыққан тегі туралы құпияны да ашады, махаббатын кездестіреді. Көп локациямен қиындықтар бар. Мысалы аурухананың өз тәртібі бар. Күз айы болғандықтан, ауа райынан да қиындықтар туындады.

Телехикая 10 сериялы. Әр бөлімі жарты сағаттан тұратын туынды көрерменді жалықтырмайтынына түсірілім тобы сенімді. Мұнда драмадан бөлек, эншн мен романтика да қамтылған. Алайда картинаның аты «Донор»деп аталса да, қан көп көрсетілмейді. Ал актерлар құрамын да ерекше іріктеп алыпты.

Гүлбахрам Байбосынова, актриса:

Кейіпкерімнің аты Сәния, ұлы бар әйел. Заманауи өмірімізге сай түсірілген. ьБаласын тастап жатқан, біреуге беріп жатқандар бар. Ббалалар ауырып жатыр. Қан жетіспеушілік деген өмірімізде кездеседі. Кездестіріп те жатырмыз. Жалпы бұл сол жайлы.

Жеңіл дүниеден шаршасаңыз, «Менің сүйікті донорым» телехикаясын тамашалаңыз. Қызығы мен шыжығы қоса жүретін жақындар жайындағы туынды 4 желтоқсаннан бастап КТК арнасынан ұсынылады. Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат кешкі 18:00-де.

Ю-тубтағы КТК-ның ресми арнасынан да көруге болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде