{metadescription}
Ақтөбе облысында шекара бекетінде сарбаз әріптесіне автоматтан оқ жаудырған 
Ақтөбе облысында шекара бекетінде сарбаз әріптесіне автоматтан оқ жаудырған 

Ақтөбе облысында шекара бекетінде сарбаз әріптесіне автоматтан оқ жаудырған 

Ақтөбе облысындағы шекара бекетінде атыс болып, бір жауынгер көз жұмды. Күзетте тұрған сарбаз әріптесіне автоматтан оқ жаудырған. 

Оқиға Мәртөк ауданындағы Ресеймен шектесетін «Қиялы» бекетінде болды. Келісімшартпен қызмет етіп жүрген жауынгерлер күзет кезінде сөзге келіп қалған. Ашуға мінген біреуі қолындағы Калашников автоматымен қасындағы серігіне оқ атқан. Олардың не үшін жанжалдасқаны әзірге құпия. Марқұм болған сарбаздың жасы 22-де. Оқ тиген бойда жедел жәрдем де шақырылған. Бірақ ақ ақ халаттылар әскериді аман алып қала алмады.

Роллан Жанысбаев, Ақтөбе гарнизонының әскери прокуроры:

Жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасының Ақтөбе бөлімімен ҚР ҚК 99-бабы 1-ші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қылмыстық іс бойынша күдікті ұсталды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде