{metadescription}
Судьялар ауыр қылмыс істегендердің мәселесін шешу үшін пара алған
Судьялар ауыр қылмыс істегендердің мәселесін шешу үшін пара алған

Судьялар ауыр қылмыс істегендердің мәселесін шешу үшін пара алған

Төрелігін айтуға тиіс сотымыздың сиқы осы. Антикор Алматы облысында үш бірдей судьяның пара алу дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Судьялар анау-мынау емес, ауыр қылмыс жасағандардың мәселесін оңтайлы шешу үшін ақша алыпты.

Қонаев қаласы сотының төрағасына кісі өлтіру бабы бойынша тергелуі тиіс күдіктінің ісін қылмыс туралы хабарламау бабына өзгерткені үшін ірі көлемде пара алды деген айып тағылып отыр.

Ал,Талғар аудандық сотының судьясы кәмелетке толмағанды зорлау дерегі бойынша істі боп жатқан адамнан делдал арқылы пара алды деген күдікке ілінген.

Ал үшінші жағдайда, Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Ол кәсіпкерден салық үшін миллиардтаған қарызы бар екі компанияны банкрот деп тану үшін пара алды дейді антикор.

Арман Тілеукенов, ҚР сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдар істеген жемқорлық қылмыстарды анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді. ҚР Қылмыстық процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде