«Негізсіз үстеме алған». Air Astana-ға 876 млн теңгеге айыппұл салынды
Air Astana-ға 876 млн теңгеге айыппұл салынды. Алматы қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жанармай үшін жолаушылардан негізсіз үстеме өндіріп алған әуе компаниясын осындай әкімшілік жауапкершілікке тартып отыр.
Автор: Мерей Қалиасқар
04.12.2023
Air Astana-ға қатысты тексерісті Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен прокуратура бірлесіп жүргізген. Оның қорытындысы бойынша әуе билетін ұшу күні немесе таяу күндерде сатып алған кезде аталған компания жолаушылардың барлық санатынан 3500-ден 6500 теңгеге дейінгі мөлшерде жанармай алымын негізсіз алып отырған. Алайда заңсыздықтардың қай қалаларда болғаны әзірге айтылмады. Air Astana мен агенттік арасында ішкі бағыттардағы бағаны тежеуге негізделген келісім жасалды. Бұл құжаттың аясында бірқатар жеңілдік қарастырылған.
Жанна Қабдолдақызы, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департамент директорының орынбасары:
— Біріншіден — 2023 жылдың 6 желтоқсаннан бастап жанармайға қосымша ақы қолдануды алып тастау. Екінші — шара келесі жылдың соңына дейін, яғни 31 желтоқсанына дейін ішкі бағыттар бойынша авиатасымалдау қызметтерінің бағасын көтеруді шектеу. Үшінші — осы жылы және келесі жылдың аяғына дейін Air Astana сататын билеттің жалпы санынан 70 пайыздан төмен болмауы керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!