Ақтөбе көктайғақтан мертіккендер көбейген
Ақтөбедегі көктайғақ тұрғындарды әуреге салып жатыр. Екі күн бойы толассыз жауған жаңбырдан кейін күн күрт суытып, айнала жылтыр мұзға айналған. Тайып жығылып мертіккендер көбейген.
Автор: Жаңалық Ахаш
04.12.2023
Таң атысымен тұрғындар көк мұздың кесірінен тәлтіректеп жүруге мәжбүр болды. Түнде жолдар жабылып, тайғаққа қатысты көлік қозғалысына да тыйым салды. Жедел көмек көрсету ауруханасының травматология бөлімшесінде де тыным жоқ. Тайып жығылып тобығын қайырғандар мен қолын сындырғандар көптеп түсіп жатыр.
Мамандар көктайғақта реті келсе далаға шықпаған жөн дейді. Құлап қалмас үшін қолға таяқ ұстап, табанының бүрі бар қыстық етік кию керектігін айтады. Дәрігер көмегіне жүгінгендердің ішінде басынан жарақат алғандарды бірден ауруханаға жатқызып жатыр.
Бағлан Рахметов, травматолог:
— Көк тайғақтан түсіп жатыр. Жеті адам ауруханаға жатқызылды. Басынан жарақат алған. 18-і амбулаториядан да жіберілді. Соның ішінде көбісінің тобығы қайырылған, қолын сындырған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!