{metadescription}
Алматы облысы: Жаппай төбелеске қатысқан жасөспірімдердің ата-аналары жазаға тартылды
Алматы облысы: Жаппай төбелеске қатысқан жасөспірімдердің ата-аналары жазаға тартылды

Алматы облысы: Жаппай төбелеске қатысқан жасөспірімдердің ата-аналары жазаға тартылды

Алматы облысында жаппай төбелеске қатысқан 30 жасөспірім ұсталып, 17-сінің ата-анасы әкімішілік жазаға тартылды. Ойран шығарып жүргендер бір емес, бақандай бес мектептің оқушылары екен. Әу баста футболға жиналған бір топ баланың бөлініп, кейін бірін-бірі аяусыз соққыға жығуына екі оқушының арасындағы кикілжің себеп болған. Оңбай таяқ жеген бір бала қазір бас жарақатымен ауруханада жатыр дейді мектеп директоры.

Ұстады, басына да секірді. Сырттай айтақтап тұрғандардың талабын оқушылар бұлжытпай орындағандай. Арықтың бойында бір-бірін тырқырата қуып, қалып қойғаны жеке-жеке төмпештеп жатқандар да, оңбай таяқ жегендер де Жәпек батыр ауылындағы оқушылар. Басым бөлігі 9, 10-сыныпта оқиды. Бірақ арасында кішілері де, тіпті мектеп бітіріп кеткені де бар дейді ауыл тұрғындары.

Шәпия Бектұрғанова, №51 Орта мектеп директорының міндетін атқарушы:

Футбол ойнаған балалар дейді. Футбол ойнап, жеңілген команда мен жеңген командамен осындай кикілжің болған дейді. Біздің мектептен 13 бала қатысқан. «Біз білмедік апай, Мадияр былтыр бір нәрсе айтқан мен туралы, соны неге айттың деп сұрап едім, ол маған секірді» дейді. «Мен үлкен болғаннан кейін оған жауап қайтардым» дейді. Енді күнделікті бірге жүріп, бірге ауылға қайтып, бір ауылда ойнап жүрген балалар ғой.

Жалпы бұл ауыл округінде 9 мектеп болса, жаппай төбелеске бес мектептің оқушылары қатысқан. Оқиға осы төңіректе болды. Бұл жерден үйлер алшақтау орналасқан, кісі көзі көп түсе бермейді. Балалар да өз арасындағы кикілжіңді жиі осы жерде шешетін сыңайлы.

Желіде оңбай таяқ жеген 4 оқушы жансақтау бөлімінде жатыр деген ақпарат тараған еді. Бірақ мұны полицейлер де, дәрігерлер де растамады. Десе де мына мектеп директоры жаппай төбелестен әбден соққы жеген 9-сынып оқушысының миы шайқалып ауруханаға түскенін айтып отыр.

Маржан Бейсембаева, №19 Орта мектептің директоры:

Біздің мектептен 2 оқушы қатысқан. Телефонмен досы «тез келіп жет» деген. Өздері де төбелес болғанын білмей барған. Барған бойда бір бала қашып үлгерген, екінші баланы сол жерден ұстап соққан. Ол баланың миы шайқалған, ауруханада жатыр, ертең шығады.

Тәртіп сақшылары жаппай төбелеске қатысты «бұзақылық» бабы бойынша тергеу жүріп жатқанын жеткізді.

Ертіс Тоқтаров, Іле ауданы ПБ бастығы :

Іле ауданы ПБ 30-дан аса жасөспірім жеткізіліп, олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған төбелестен бір жассөпірім ауруханаға қаралып, қазір жағдайы бір қалыпты. Басқа жасөспірімдер жарақат алған жоқ. Аталған дерек сабақтан тыс уақытта орын алған.

Бүгінге дейін төбелеске қатысқан 30 бала ұсталып, 17-сінің ата-анасы әкімішілік жазаға тартылды. Десе де тергеу әлі жалғасып жатыр. Қатысы бардың саны одан да көп болуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде