{metadescription}
Бірқатар өңірде минус 33 градусқа дейін аяз болады
Бірқатар өңірде минус 33 градусқа дейін аяз болады

Бірқатар өңірде минус 33 градусқа дейін аяз болады

Қыс қаһарына мінеді. Алдағы күндері бірнеше өңірде күн күрт суып аяз болады. Сынап бағамы минус 33 градусқа дейін төмендейді деп болжайды синоптиктер.

Апта бойы елдің батыс және солтүстік аймақтарында циклон мен атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жаңбыр мен қар жауады. Әсіресе 6 желтоқсанда елдің солтүстігінде аяз басталады. Онда қалың қар жауып, көктайғақ, боран соғады деп күтілуде.

Тек оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жауын-шашын жоқ. Ал 7 желтоқсанда түнде батыс пен орталық және шығыста күн райы минус 10-18 градусқа дейін төмендемек. Сарышұнақ аяз, әсіресе республикамыздың солтүстік-батыс пен солтүстігін қыспаққа алмақ. Онда сынап бағаны минус 25-33 градусқа дейін түседі деген болжам бар. Ал оңтүстікте 5-13 градус аяз күтілуде. Тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.