18 жыл бұрын жоғалып кеткен әйел жезөкшелер ордасында жүр
18 жыл бұрын жоғалып кеткен әйел жезөкшелер ордасында жүр. Тәртіп сақшылары іздеуде жүрген Түркістан облысының тұрғынын Атырау облысынан тапқан. Қазір оны туыстарына жіберу үшін тиісті шаралар қабылданып жатыр.
Автор: Мерей Қалиасқар
04.12.2023
Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:
Сұрау барысында ол 16 жасында ата-анасымен болған жанжалға байланысты 2005 жылы үйден кетіп, әртүрлі қалаларда тұрғаны анықталды. Содан бері ол жақындарымен араласпаған. Алматы және Шымкент қалаларында түрлі мекемелерде тазалаушы болып жұмыс істеген. Ал бірнеше күн бұрын Құлсары қаласына келген. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азамат қазіргі таңда полиция бақылауында.
Ішкі Істер министрлігі жүргізген ауқымды тексерістің алғашқы тәулігінде-ақ жезөкшелікпен айналысу үшін 70-тен аса үйлерді, пәтерлерді жалға беру дерегі анықталды. Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 3 жарым миллион теңгеге дейін айыппұл салынды. Сондай-ақ, Семей қаласының тұрғынынан 3 млн теңге ақша ұрлаған жеңіл жүрісті арудың қылмысы әшкереленген. Ал елордада үш күннің ішіндегі тексерісте арын ақшаға сатқан 88 қыз ұсталып, оларға үй-жайын бергендерге тағы 64 іс қозғалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!