{metadescription}
«Жатақхана тапшылығы 5 жылда жойылады». Хостелдерге талап күшейтілді
«Жатақхана тапшылығы 5 жылда жойылады». Хостелдерге талап күшейтілді

«Жатақхана тапшылығы 5 жылда жойылады». Хостелдерге талап күшейтілді

Хостелдерге қойылатын талап күшейеді. Алматыдағы қайғылы жағдайдан кейін ғылым және жоғары білім министрлігі студенттер амалсыз паналап жүрген арзан қонақүйлерге талапты бірден 15 пунктке арттырдық деп отыр. Енді хостелдер жертөледе мүлдем орналаспауы керек, кіреберіс есігі бөлек болуы шарт.

Сондай-ақ ас үйі жатын бөлмеден қашық болмаса, мұндай қонақүйлер тексерістің астында қалады. Министр Саясат Нұрбек алдағы бес жылда жатақхана тапшылығын толықтай жоямыз деген болашаққа оң болжамын да жасады. Білім саласында тағы қандай жаңалық күтіп тұр?

«Жатахқана жетпейді» деген желеумен жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осыдан тура бір жыл бұрын студенттерді хостелдерге орналастыруды ұсынған. Ұсынғаны сол-ақ екен, министр идеясын май-шелпекке айналдырған кәсіпкерлер тәлімгерлерге жертөледен оңды-солды жатақ ұсына бастады. Санитарлық, құрылыс, қала берді өрт қауіпсіздігінен мақұрым Алматыда қызыл жалын шарпыған хостел соның бір дәлелі. Студенттер арасында 17 мың төсек-орын тапшылығы жойылғанша, енді жауапты министрлік мұндай панажайларға талапты күшейтуден басқа амал жоқ деп отыр.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

Қолданыстағы бизнес орталықтар, қонақүй, хостелдерді реконструкиция нормативті субсидиясы ұлғайтылып жатыр. Ол да қазір Үкіметтен үлкен көмек болады. Сол объектілерді жатақханаға айналдыруда. Ол ең үлкен талап, ол қауіпсіздік стандарттарын күшейту. Қазір нақты бұйрық министрлік тарапынан әзірленді. 15 нақты талап айқындалды.

Үкімет отырысынан кейін білім саласында қордаланған біраз сұрақтың басын қайырған қос министр көптің талқысына түскен ресейлік «Слово пацана» сериалын да сөз етті. Зорлық-зомбылық пен әлімжеттікті насихаттайтын киноға қазір еліктеп жер-жерде төбелес шығарып жатқан жастардың қарасы көбейген. Жауапты сала мамандары сериалдың кесірінен бұзақылық көбейген жағдайда, ресейлік өнімге тыйым салынуы да бек мүмкін екенін айтты.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:

Менің білуімше, қазір Ресей Федерациясының өзінде фильмге шектеу қою туралы сан-алуан пікір айтылып жатыр. Қазір біздің елімізде «Слово пацана» сериалына қатысты анықтамалық жұмыс жүргізіліп жатыр. Айтарым, мектептерде зорлық-зомбылықты насихаттайтын, үгіттейтін дүниелерге жол берілмейді.

Ал өткен аптада ғана Мәжілісте қаралған сабақ үстінде телефон пайдалануға тыйым нормасын оқу-ағарту министрлігі қолдап отыр. Смартфонға есі кетіп, сабақ оқуға қисынсыз қырық сылтау айтатындар еселеп көбейген дейді Бейсембаев. Сондықтан телефонды мектеп қабырғасында тек үзіліс кезінде қосуға рұқсат. Ал қалған уақытта телефонды арнайы ұяшықтарда сақтайды.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:

Бүгінгі күні ата-аналардан, педагогтерден келіп түскен өтініш-шағымдардың нәтижесінде қабылданып жатқан іс-шара. Бұл негізінен тағы да қайталап айтамын ,шегелеп, смартфонды сабақта пайдалануға мұғалімнің рұқсатынсыз болмайтыны туралы заң. Ал сабақ біткеннен кейін өзінің ұялы телефонымен ата-анасына хабарласуға ,өзінің мән-жайын айту құқығы шектелмейді.

Жаңа оқу жылынан бастап жоғарғы оқу орындарының бірінші курс студенттерін 100 пайыз жатақханамен қамтуы тиіс. Саясат Нұрбек бұл норманы орындау үшін қазір 43 жатақхананың құрылысы қызу жүріп жатқанын айтты. Ал Алматыдағы хостелде ажал құшқан студенттерге материалдық көмекті өз университеттері көрсетететін болып міндеттеліпті. Көмек қолын оқу-ағарту миинстрлігі де созбақшы. Әзірге марқұмдардың жақындарына нақты қандай соманың берілетіні ашық айтылмады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 шілде

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде