{metadescription}
Студенттер неге жертөлені паналады? Әкімдіктің жауабы
Студенттер неге жертөлені паналады? Әкімдіктің жауабы

Студенттер неге жертөлені паналады? Әкімдіктің жауабы

Студенттер көп шоғырланған Алматыдағы 200-ге жуық хостелдің 23-і студенттерге арналып салыныпты. Қазір 3 мыңнан астам студент сол жерден пана тапқан. 

Ал қалған студенттер заңсыз салынған хостелдер мен қонақ үй, жалдамалы пәтер және туған-туысын паналайды. Осы орайда кімдік өкілдері алдағы уақытта жатақхана мәселесі толық шешілетінін айтуда. Студенттер заңсыз хостелдерде емес, жатақханада тұратын болады дейді. Ол үшін 100-ден аса инвестормен келіссөз жүргізіп, жаңа нысандардың құрылысын бастағалы отыр. Сондай-ақ олар қайғылы жағдай болған хостел мәселесіне тоқталды. Студенттердің неліктен жертөлені паналағанын айта кетті.

Арман Қырықбаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары:

Хостелдердің тек 10 пайызы ғана жоғары оқу орындарымен жұмыс істейді. Оқу орындары өз тарапынан оларды тексеріп тұрады. Әрі студенттерге онда тұруға, не тұрмауға болатын-болмайтыны айтылады. Сәйкесінше, көзі ашық, кәмелетке толған жастарымыз өз қалауын жасайды. Өрт шыққан хостел мәселесіне келсек, студенттердің неліктен онда тұрғаны белгісіз. Бағасы біз ұсынған жатақханалармен бірдей. Бәлкім қысылмай, бөлек, еркіндікте тұрғысы келген шығар. Біз оларға шектеу қоя алмаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде