{metadescription}
Ақтауда 100-ден астам үлескерді алдап кеткен ЖШС директоры ұсталды
Ақтауда 100-ден астам үлескерді алдап кеткен ЖШС директоры ұсталды

Ақтауда 100-ден астам үлескерді алдап кеткен ЖШС директоры ұсталды

Ақтауда 100-ден астам үлескерді сан соқтырған серіктестік директоры қамалды. Ол салымшылардың сеніп тапсырған ақшасын талан-таражға салды деген күдікке іліккен.

«Багис» серіктестігінің директоры «Атамекен» тұрғын үй кешенін салу үшін салымшылардан ақша жинаған. Бірақ үлескерлерге сол бойы үйін салып бермепті. Ол 2017 жылдың наурызы мен 2022 жылдың қыркүйегі аралығында құрылысты аяқтаймыз деген сылтаумен 119 үлескерден 400 миллион теңгедей ақша алған. Бірақ оның қыруар қаражатты қалтасына басқаны анықталды.

Еске сала кетейік, салымшыларға мердігер мекеме элиталық «Атамекен» тұрғын үй кешенін 2017 жылы тапсыруға уәде берген. Алайда құрылыс уақытында бітпей, 2018 жылы үйді басқа компания аяқтауға кіріскен.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:

ЖШС басшысына қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, қосымша сот сараптамаларын жүргізу күтілуде. Оның нәтижесімен күдіктінің іс-әрекеттеріне түпкілікті құқықтық баға беріледі. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде