{metadescription}
Астанада "Тәуелсіздік дәуірі" олимпиадасының үздіктері бағалы сыйлықтармен марапатталды
Астанада "Тәуелсіздік дәуірі" олимпиадасының үздіктері бағалы сыйлықтармен марапатталды

Астанада "Тәуелсіздік дәуірі" олимпиадасының үздіктері бағалы сыйлықтармен марапатталды

Астанада "Тәуелсіздік дәуірі" атты республикалық олимпиада қорытындыланды. Бұл бірегей жобада қатысушылар тәуелсіз Қазақстанның тарихынан кіл мықтыны анықтап, үздік шыққандары планшет пен ноутбук секілді бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал бас жүлде солтүстікқазақстандық оқушыға бұйырды.

Богдан Зимовский, "Тәуелсіздік дәуірі" республикалық олимпиадасының гран-при иегері:

Олимпиада жайлы тарих пәні мұғалімінен естідім. Білім сайысына туған бауырыммен қатысып, менің айым оңынан туды. Жеңіс тұғырынан көрінгеніме қуаныштымын.

Финалда онлайн іріктеуден өтіп еліміздің әр түкпірінен жиылған 20 ойыншы топ-топқа бөлініп білімін сынады. Берері мол ойынның бір қызығы, әр қатысушы мемлекеттің тізгінін ұстап, көшбасшылық қабілетін көрсетуге тиіс. Сыни ойлауды дамытып, маңызды, жауапкершілігі мол шешім қабылдап үйренеді. Осымен екінші рет өткізіліп жатқан олимпиадада тарих әлеміне еніп, елдің қалыптасу кезеңін зерттеуге ниетті жастар қатарын арттырып жатыр дейді ұйымдастырушылар.

Абылайхан Абсамат, "Ел үміті" КҚ жобалар жетекшісі:

Биыл 1500 адамдай қатысты. Мысалы біздің ойынымызда 1991 жылды алатын болсақ, оның өзінің карточкасы бар. Сонда төрт түрлі оқиға бар. Ол оқиғаның ішінде үшеуі жалған.Осы ойынның екінші нұсқасын шығардық. Сол екінші нұсқада бізде ҰБТ сұрақтары бар. ҰБТ сұрақтары қазақ хандығы, Сақ тайпалары туралы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде