{metadescription}
«Шапағат-2023» жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар мен диплом табыс етілді
«Шапағат-2023» жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар мен диплом табыс етілді

«Шапағат-2023» жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар мен диплом табыс етілді

Астанада үздік өнертапқыштар да марапатталды. «Шапағат-2023» байқауының жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді. Биыл сайыс 18-ші рет өткізіліп отыр. Маңызды шараның ұйымдастырушысы әділет министрлігі бұл жолы жас таланттарды да ынталандыруға ден қойған.

Азамат Есқараев, ҚР Әділет министрі

Ең бастысы биыл бұрынғы жылдарға қарағанда биыл біз мектеп жастағы мектеп оқушыларын өнертапқыш ретінде осындай ерекше атап өтеміз. Бұл ел үшін өнертапқыштардың дамуы ол еліміздің инновациялық дамуына, қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық-интеллектуалдық артуына алып келеді. Және де оның бәсекелестік мүмкіндігін жоғарылатады деп сенеміз.

Биылғы байқауға еліміздің әр түкпірінен 200-ден аса өнертапқыш қатысуға өтініш білдірген. Жеңімпаздар «Жыл өнертабысы», «Өнертапқыш әйел», «Үздік инновациялық компания», «Жас өнертапқыш» сияқты номинациялар бойынша марапатталды. Ерекше өнерімен көзге түскендердің әрқайсысына 1 млн теңге ақшалай сыйақы табыс етілді. Мәселен, «Жас дарын» номинациясында атыраулық 11 сынып оқушысы Қыдырбай Қазыбектің бағы жанды. Ол қазылар алқасына газ бен өрттен қорғау жүйесін ұсынған.

Ал "еңбек сіңірген өнертапқыш" аталымы бойынша медицина ғылымдарының докторы Ерғали Нәбиевке берілді. Ол күрделі сынықтарды емдеуге арналған жаңа құрал ойлап тауыпты. Қазақ травматологының жобасына қазірдің өзінде шетелде де қызығушылық танытып жатыр.

Ерғали Нәбиев, «Еңбек сіңірген өнертапқыш» аталымының жеңімпазы: 

Мен ұсынған құрылғының мүмкіндігі сол ол травматология саласында өте қауіпті асқыну бар. Сүйектің өзегіне конструкцияны салған кезде сол асқыну дамып кетуі мүмкін. Бірақ ол өте сирек кездеседі. Менің ұсынған конструкциям бір адамға болса да, осы медицинаға пайдалы деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде