{metadescription}
Жаңа жылда зейнетақы жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізіледі
Жаңа жылда зейнетақы жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізіледі

Жаңа жылда зейнетақы жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізіледі

Жаңа жылда зейнетақы жүйесіне бірқатар өзгерістер енеді. 2024 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап азаматтармен қатар жұмыс беруші де міндетті жарна төлеуді бастайды. Бұл бірінші кезекте салымшының табысын арттыру мақсатында жасалып жатқан шара.

Жарна көлемі айлық жалақыға байланысты және 1975 жылдың бірінші қаңтарынан кейін туған қызметкерлерге ғана қатысты. Жұмыс берушінің жарнасы 2028 жылға дейін 5 пайызға өсуі тиіс. Бірақ кезең-кезеңімен.

Нақтырақ айтсақ, келесі жылы - 1 жарым пайыз мөлшерде, 2025 жылы - 2 жарым пайыз, 2026 -да - 3 жарым пайыз, 2027 жылы - 4 жарым пайызға, ал 2028 -де 5 пайыз мөлшеріне жететін болады.

Бұл ретте жұмысшының айлығы ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болуы шарт әрі 50 есе артық болмауы да міндетті. Ал жарнаның қалған он пайызы бұрынғысынша, жұмысшының айлығынан ұстала береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде