{metadescription}
Еліміздің су қоймаларын оңды-солды жекенің қолына таратып жіберген
Еліміздің су қоймаларын оңды-солды жекенің қолына таратып жіберген

Еліміздің су қоймаларын оңды-солды жекенің қолына таратып жіберген

Үкімет еліміздің су қоймаларын оңды-солды жекенің қолына таратып жіберген. Осылай деп депутаттық сауалында ауыз су мәселесін қаузаған Бақытжан Базарбек Министрлер кабинетін тағы сынады. Ал сол су қоймалары мен көлдердің қожайындарымен байланыс орнату қазір қиямет-қайымға айналған дейді депутат.

Бақытжан Базарбек, Мәжіліс депутаты:

22 су қоймасы мен тоғандар иесіз қалған. Оның иесі жоқ, қожайыны жоқ. Ең сорақысы, бұл жерде жекеменшікке өтіп кеткен судың сапасын ешкім тексеріп жатқан жоқ. Бұл тиісті уәкілетті органдар жұмысының салғырттығы.

Ырыққа көнбей жатқан су қоймаларының басшылары төңірекке тіршілік нәрін қалай таратамын десе де патша көңілі біледі. Жекеменшік нысан болғаннан кейін, оның аумағына баса-көктеп тексеріспен келуге ешкімнің хақы жоқ. Соның салдарынан су тапшылығы қазірдің өзінде бірқатар аймақтарда сезілуде. Бұлай жалғаса берсе, 2040 жылға қарай еліміздің әрбір екінші тұрғыны ауыз судан қағылуы мүмкін . Жалпы алдағы 20 жылда 15 млрд текше метр су тапшылығын сезінуіміз ықтимал деп есептеп отыр мәжілісмендер. Салыстырмалы түрде айтсақ, бұл Арал теңізімен пара-пар судың мөлшері.

Сергей Пономарев, Мәжіліс депутаты:

Еуропалықтар біздің суды оңды-солды, бір бітпейтіндей пайдаланғанымызды көріп талып қалуы мүмкін. Бізде суды қайта тазарту технологиялары, жаңбыр суын жинау деген түсінік мүлде жоқ қой. Айналып келіп көршілерден сұрай береміз, қосымша су қорын. Түсінетін уақыт болды ғой, олардан берілетін су жылдан-жылға азая береді. Себебі: өз халқы еселеп көбеюде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.