{metadescription}
Абай облысында көктайғақтан сабақ тоқтатылып, күре жолдар жабылып жатыр
Абай облысында көктайғақтан сабақ тоқтатылып, күре жолдар жабылып жатыр

Абай облысында көктайғақтан сабақ тоқтатылып, күре жолдар жабылып жатыр

Абай облысында қар аралас жаңбыр жауып, айнала көк айдынға айналды. Тайғақтың кесірінен мектептерде сабақ тоқтатылып, күре жолдар жабылып жатыр.

Әсіресе Семей-Қарауыл бағытындағы тас жолда көліктердің жүріп-тұруы қиындаған. Жол сақшылары жүргізушілерді кері қайтаруда. Алайда ескертуден бұрын жолға шығып кеткендер діттеген жеріне жете алмай жатыр. Мәселен, жылтыраған мұзда үш жүк көлігі жолда қалып, біреуі апатқа ұшыраған. Абырой болғанда жүргізушісі дін аман.

Сондай-ақ,облыс орталығында көше де мұз айдынына айналды. Көктайғақтың кесірінен мектептердегі бірінші аусым оқушыларына сабақ тоқтатылды.

Қазір көктайғақ еріп, күре жолдар ашыла бастады. Алайда ауа райын болжаушылар алдағы күндері қатты аяз болатынын айтуда.

Бақытбек Сыдықбаев, Абай облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:

Тез арада көмек көрсеттік. Құм төккізіп, басқа техника көмегімен тас жолға қайта шығардық. Өз жеріне жеткіздік. Тұрғындарға айтарымыз: ауа райы күрт өзгеріп қарлы боран кезінде, жаңбыр мен қар жауып көтайғақ кезде аса маңызды болмаса, алыс жолдарға шықпауды сұраймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде