{metadescription}
150 мың адам қол қойған тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы петиция жарамсыз болып шықты
150 мың адам қол қойған тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы петиция жарамсыз болып шықты

150 мың адам қол қойған тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы петиция жарамсыз болып шықты

150 мың адам қол қойған тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы петиция жарамсыз болып шықты. Бұған себеп — азаматтардың үндеуі петиция туралы заң қабылданбай тұрып ашылған.

2021 жылы ашылған онлайн петицияға қол қойғандар саны күйеуінің қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың қазасынан кейін күрт артқан. Қазірдің өзінде азаматтық пікірін білдіргендер саны 150 мыңнан асып жығылады. Ал жаңа қабылданған «Қоғамдық бақылау туралы» заңға сәйкес, 50 мыңнан аса дауыс жинаған үндеуді Үкімет қарауы тиіс. Оның заңға сәйкестігін өкілетті орган анықтайды. Қазір петицияларды қабылдайтын ресми интернет платформа әзірленіп жатыр. Жауаптылар көптің дауысын жинаған петицияға міндетті түрде құлақ асуға уәде берді.

Азамат Есқараев, ҚР Әділет министрі:

Ол 2021 жылғы петиция. Ескі. Жаңа заңға сәкес жасалған петиция емес. Сондықтан заңды күші жоқ. Жаңа заң күшіне енді. Сәйкесінше жаңа платформа дайындалып жатыр. Соны пайдалана отырып, жаңа петицияны сол жаққа жіберуге болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде