{metadescription}
Алматы әкімдігі автомобиль жолдарын тарылтуды көздеп отыр
Алматы әкімдігі автомобиль жолдарын тарылтуды көздеп отыр

Алматы әкімдігі автомобиль жолдарын тарылтуды көздеп отыр

Алматының әкімдігі автомобиль жолдарын тарылтуды көздеп отыр. Енді ені 3 жарым метр емес, 2,7 болмақ. Осылайша қоғамдық көліктерге арналған жолды кеңейтіп, веложолақтарды ұзартамыз дейді шенділер. Бұл өзгерісті урбанистер де, автосарапшылар да құптай кетті. Өйткені қазіргі жолдың ені қысқарып, қатар саны көбейсе, кептеліс те болмайды деп отыр.

Қашан екені белгісіз, әйтеуір алдағы уақытта көзге үйреншікті болып қалған Алматының жолдары өзгеріске тап болмақ. Шенеуніктер көлік жүретін жолақтарды тарылтуды көздепті. Қалған бос орынға автобустар мен велосипед жүретін жолдарды ашады.

Сағындық Телібаевтың, Алматы мобилділік басқармасының басшысы:

Алматы үшін арнайы техникалық шарттарды әзірлеп жатырмыз, осы мәселені де қамтығымыз келеді. Сонымен қатар жолақтың енін азайтуды ұсынамыз. Қазір оның ені көліктерге 3,5 метр, қоғамдық көліктерге 4 метр. Көптеген елде жолақтардың өлшемі сәйкесінше 2,7 және 3,1 метр. Қаламыз үшін де осындай параметрді көздеп отырмыз. Содан кейін таңба сызуды өзгерте аламыз, жолда бос жер қалады, онда біз қоғамдық көліктер мен веложолдарға арналған жолақты жабдықтаймыз.

Мамандар жол тарылтуды жөн деп санайды. Өйткені жолақтар әлдеқайда кең болғасын, кептеліс кезінде 2-3 көлік қозғалуы керек көшелердегі жолдарға 4-5 темір тұлпар сығылысып сыйып кетеді. Осылайша қауіп туындайды.

Роман Барабанов, Urban Forum Kazakhstan көлік жөніндегі маманы:

Енін қысқартса, ешкімге ешқандай кедергі келтірмейді. Бәріміз бір жолақпен жүреміз, сол жолақ қалады ғой. Бұл өзгеріс, ең бастысы, қауіпсіздікке әкеледі. Тіпті бұған қатысты зерттеу де бар. Жолдың еніндегі әрбір артық метр жаяу жүргіншілердің қатысуымен жол апатын 6 пайызға арттырады. Яғни ені қысқа болған сайын әлдеқайда қауіпсіз.

Шетелдік тәжірибеге сүйенген автосарапшылар да мұны құптап отыр. Ықылым заманнан қалған кең жолдардың енін қысқарту арқылы кептеліс мәселесі шешіледі деп отыр. Өйткені көлік жүретін қатар саны көбейеді.

Алексей Алексеев, автосарапшы:

Мен қазір Қытайдамын. Мұндағы жолдың ені өте тар. Көліктер бір-біріне тақалып қозғалады. Дегенмен мен ешбір жол апатын көрген жоқпын. Енді бұл өзгерістің кемшіліктеріне тоқталсақ, әрине, автобустар мен жүк көліктердің жүргізушілеріне алғашында қиын болады. Бірақ 1-2 аптаға жетпей үйреніп кетеді деп ойлаймын.

Енін қысқарту деген жаңашылдықтың мәлім болғаны бүгін ғана. Әзірге өзгерістің қай көшеден басталып, неше шақырымға дейін созылатыны белгісіз. Кететін қаражат та есептелмеген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде