{metadescription}
Президент Ақтөбе облысында экология мәселесін тез арада шешуді тапсырды
Президент Ақтөбе облысында экология мәселесін тез арада шешуді тапсырды

Президент Ақтөбе облысында экология мәселесін тез арада шешуді тапсырды

Доп ойнаған озар. Ақтөбеге төрт жылдан соң сапарлап барған мемлекет басшысы балаларға денені шынықтырып спортпен шұғылдануға кеңес берді. Саржансай ауылындағы спорт кешенінде қақпаға тепкен добы дәл тиіп, гол да салды.

Спорт адамға, әсіресе жастарға күш береді, рух береді. Сондықтан баршаңызға амандық тілеймін. Жақсы спортшы болыңдар. Спортшы деген елге, халыққа адал қызмет етеді. Үлкен азамат боласыңдар деп, келешекте үміт етемін.

Ақтөбеге сапарында президенттің жанында қос спортшы еріп жүрді. Аймақтың тыныс-тіршілігімен де солар таныстырды. Себебі, облысты самбошы, Ақтөбе қаласын боксшы басқарып отыр. Ұшақтан түскен бойда спорт кешеніне барғаны да сондықтан болар.

Одан соң ауыл кәсіпкерлерімен кездесті. «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты. Одан соң Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкімінен аймақтың экономикалық жағдайы мен инвестициялық әлеуетін сұрады.

Ақтөбе мен Ұлғайсын арасындағы шұрық-тесік жолдың қайта салынатынын, шаһардағы кәріз жүйесін қайта тазартуға 53 миллиард теңгенің қарастырылғаны сөз болды. Президент өңірдегі экологиялық мәселені тез арада шешуге тапсырма берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде