{metadescription}
Бизнесті тексеруге мораторийді тағы бір жылға созу ұсынылды
Бизнесті тексеруге мораторийді тағы бір жылға созу ұсынылды

Бизнесті тексеруге мораторийді тағы бір жылға созу ұсынылды

Пандемиядан кейін енді бас көтерген кәсіпкерлерді қолдау қажет. Депутаттар Үкіметтен бизнесті тексеруге мораторий мерзімін тағы бір жылға созуды ұсынып отыр.

Себебі онсыз да 2020 жылы карантин кезінде бизнесі тұралап табысынан қағылған кәсіпкерлер енді-енді қанат жаюда. Шағын бизнесті тексеруге 2019 жылы үш жылға мораторий жарияланған. Одан кейін президент жарлығына сәйкес, тағы бір жылға, яғни 2023 жылдың соңына дейін ұзартылған. Кәсіпкерлерге елеулі көмек болды деген депутаттар, осы уақыт аралығында тексерістің бес есеге қысқарғанын айтып отыр.

Асқар Садықов, Мәжіліс депутаты:

Бас прокуратура құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ресми мәліметіне сүйенсек, егер 2019 жылы шағын және микробизнеске 128 мыңнан астам рет тексеріс жасалса, 2020 жылы оның саны бес есе қысқарған. Осылайша мораторийдің енгізілуі мемлекет тарапынан бизнесті қолдауға көрсетілген тиімді шаралардың бірі болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.