{metadescription}
Ақтөбеде баспалдағы опырылып түскен үйдің тұрғындары әкімдікке талап қойды 
Ақтөбеде баспалдағы опырылып түскен үйдің тұрғындары әкімдікке талап қойды 

Ақтөбеде баспалдағы опырылып түскен үйдің тұрғындары әкімдікке талап қойды 

Ақтөбеде баспалдағы опырылып түскен үйдің тұрғындары әкімдіктен баспананалары тұруға жарамсыз деп тануды талап етіп отыр. Қос қабатты үйдің іргетасы шөгіп, қабырғалары қақырай бастаған. Бірақ комиссия сараптамадан соң апатты нысандар тізіміне қоспапты. Ал тұрғындар жөндеп, жамағаннан еш пайда жоқ дейді және ондай шығынды қалтамыз көтермейді деп ашынады.

Қос қабатты үйдің қабырғасын алпыс жыл бұрын шлактан құйыпты. Ал баспалдағын ағаштан жасаған. Күні кеше осында тұратын Екатерина Новикова төмен түсіп бара жатқан кезде баспалдақ опырылып түседі. Келіншектің сүйегі сау, бірақ жамбасынан жарақат алып, миы шайқалыпты.

Екатерина Новикова:

Қызымды мектептен әкеліп, дүкенге бармақшы болғанмын. Баспалдақты басқан бойым еді, төмен қарай қоса құладым. Ағаштың астында қалып, көршілерімді айқайлап шақырдым. Жедел жәрдем бір сағаттай уақыттан соң келді. Осы баспалдақ шіріп, сықырлап тұрған еді. Ауыр салмақ түсірмей, тек бір-бірлеп өтетін едік.

Баспалдақпен қоса, бұл үйдің төбесі де ескіріп, іргетасы да шөге бастаған. Әкімдіктен бастап құзырлы мекемелердің барлығына тұрғындар арыз жазыпты.

Светлана Шеркешбаева:

Үйдің ішінде бәрін сызат түскен. солай. Жаңбыр жауса болды, төбеден су ағады. Қыста ылғал. Үй салқын. Енді ар жағын білмеймін. Бізге ешкім көмек бермейді. Мында тұрмысы нашар адамдар тұрады. Ең үлкен кісі нің жасы 83-те.

Шенеуніктер қос қабатты үйді күтіп ұстауға тұрғындар міндетті деп отыр. Бірақ опырылып түскен баспалдақты демеушілердің көмегімен темірден жасап бермекші. Соңғы сараптама үйді апатты деп танымаған. Оған қоса техникалық паспортты тек былтыр ғана әзірлепті.

Жақсат Төлегенов, «Астана» ауданы әкімінің орынбасары:

Демеуші тарапынан жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жақын арада бітіреміз. Қазір баспалдақты жөндейміз. Темірден жасатамыз. Бұл үйге сараптама жүргізілген. Апатты деп танылмаған. Яғни модернизацияға тапсырған, тұрғын үй инспекциясына. Қазір ол құжаттар қаралып жатыр.

Ақтөбенің тұрғындар қалашығы ықшамауданы дәл осындай қос қабатты үйлерден тұрады. Барлығы дерлік алпысыншы жылдары салыныпты. Олардың 14-ін комиссия апатты жағдайда деп таныған. Үйлерді сүріп, тұрғындарды жаппай көшіруге әкімдіктің жағдайы жоқ. Сондықтан инвестор іздеуге мәжбүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.