{metadescription}
Ақтөбе облысында компания жалға алған көліктердің ақысын төлемей қашып жүр
Ақтөбе облысында компания жалға алған көліктердің ақысын төлемей қашып жүр

Ақтөбе облысында компания жалға алған көліктердің ақысын төлемей қашып жүр

Жолды да қатырмады, жұмысшыларын да жарытпады. Ақтөбе облысында асфальт төсеуге тендер ұтып алған компания жалға алған көліктерінің ақысын төлемей қашып жүр. Сот шешімін де орындамаған.

Жеңіс Жұбаниязов:

Ойыл мен Сарбиенің ортасына жолға материал тасыдым. Асфальт салынды. Техникалық қызметі, көлік қызметі. Өзіміз қарыздамыыз. Ақшамызды ала алмай жатырмыз. Сот орындаушысында үш материал, төрт материал бар, жігіттер берді. Сот шешімі шықты. Бірақ біздің сот орындаушысы оларды таба алмай жатыр. Телефондарын көтермейді.

Техникаларын жалға беріп, құрылыс материалдарын тасыған ақтөбеліктер «Тайбурыл и Шан» компаниясының қақпасын күнара келіп күзетіп кетеді. Осылай жүргеніне екі айдан асыпты. Ойыл мен Сарбие ауылдарының арасындағы айналдырған алпыс шақырым жолға асфальт төсеу керек болған. Былтыр басталған құрылыс биыл бітуі керек еді. Мердігер көліктерін жалға бергендерге бір тиын ұстатпай қашып кеткен. Қазір Сарбие мен Ойыл арасы батпаққа батып жатыр. Бұл жолмен жауынды күні көлікпен жүру мүмкін емес. Жедел жәрдем жете алмай, аудан орталығына бару арманға айналған. Ал әкімдіктегілер тендерді ұтқан компанияны өзіміз сотқа беріп жатырмыз деп ақталды.

Азамат Исмағұлов, Ойыл ауданы ТКШ және автокөлік жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

Мердігер мекеме басшысына аудан әкімі тарапынан жұмысты жандандыру жөнінде бірнеше рет талап қойылған. Алайда мердігер мекеме келісімшартта көрсетілген жұмысты толық аяқтамай, өз міндеттерін атқара алмады. Осыған орай, мердігер мекемемен келісімшартты бұзу және мердігерді жосықсыз қатысушы ретінде тану үшін сотқа арыз берілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде