{metadescription}
Еліміздің үздік 80 студенті марапатталды
Еліміздің үздік 80 студенті марапатталды

Еліміздің үздік 80 студенті марапатталды

Еліміздің үздік 80 студенті марапатталды. Бүгін Алматыда Нұрсұлтан Назарбаев қорының студенттік шәкіртақысын салтанатты табыстау рәсімі өтті. Шығармашылықта, ғылымда жоғары жетістікке жеткен 80 қыз-жігіт енді оқу жылы бойы дербес стипендия алады.

Нұрсұлтан Әбибуллаұлы, студент:

Әрбір шәкіртақы студенттерге берілетін ерекше мүмкіндік, яғни бізге артылған бұл үлкен сенім деп білеміз. Қазіргі таңда жеткен жетістіктеріміздің барлығы осы біздің мемлекеттегі өзіміздің басшыларымыздың қолдауы деп білемін. Жалпы осы уақытқа дейін көптеген ғылыми жұмыс жасадым. ТМД-ның үздік студенті атандым.

2010 жылдан бері еліміздің түкпір-түкпірінен мыңға жуық студент Нұрсұлтан Назарбаев қорының стипендиаты атанды. Жобаның мақсаты жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерін ынталандырып, ғылым мен шығармашылық қызметіне қолдау білдіру. Жаңа оқу жылында бағдарламаға 299 адам қатысқан. «Өнер және мәдениет», «Ғылым» бағыты бойынша студенттер бағын сынады. Байқауға барлық талапқа сай, тегін және ақылы негізде білім алатын студенттер бірдей шартпен қатысты. Стипендия бір оқу жылына белгілененді. Ай сайын 40 мың теңге мөлшерінде.

Дильназ Қазиханова, студент:

Мен үшін студенттік өмірге деген көптеген жетістікке жетуге, жақсы оқуға деген үлкен мотивация болады. Стипендияның маңызы студенттердің оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру және жастардың білімге деген құштарлығын ояту.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде