{metadescription}
Қарағандыда мектепте басы жарылып қансыраған оқушыға жедел жәрдем шақырмаған
Қарағандыда мектепте басы жарылып қансыраған оқушыға жедел жәрдем шақырмаған

Қарағандыда мектепте басы жарылып қансыраған оқушыға жедел жәрдем шақырмаған

Басы жарылып қансыраған оқушыға жедел жәрдем шақырмаған қарағандылық мектеп ұжымына қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалды. Оқу-ағарту министрлігі ұстаздар қауымының дәрігерлерді неге шақырмағанына аң-таң.

Еділ Оспан, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі:

Дәрігер шақырмай, оқушыны қансыраған күйінде үйіне жібере салған мектеп ұжымына қатысты іс қозғалды. Мәселенің мән-жайын анықтап жатырмыз. Қос тараптың да айтары бар деп ойлаймын.

Жауапты сала мамандары мектепте медицина қызметкерінің бар-жоғын анықтауда. Бұған дейін әлеуметтік желіде қарағандылық мектептің жетінші сынып оқушысының анасы мектеп ұжымына наразылығын білдірген. Ол темір есікке басын соғып жарақат алған қызының қансырап үйге әрең келгенін айтқан. Ашынған ана білім ордасында қарапайым мейірбикенің жоқ екеніне шағымданған еді. Жалпы оқу-ағарту вице-министрі алдағы уақытта еліміздің барлық мектебінде мейірбикенің болуын қарастырамыз деп уәде берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде